Home » Білім және тұлға » Ұстамды ұстаз

Ұстамды ұстаз

Елбасы  тілдердің үш тұғырлығы идеясында    қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі  екенін  айқындап берді. Білім министрлігі де 2019 жылға дейін  елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш  кедергі болмауы керек деп санайды.Осы орайда  мектепте жоғары  сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін (химия, физика,биология,информатика) ағылшын  тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай  жасайтыны жиі айтылып жүр.Үш тұғырлы тілді тағандауда елден бұрын ерте қамданған қарағандылық мектептердің бірі  Н.Нұрмақов атындағы  дарынды балалардың мектеп –интернаты.Елімізде   алғашт болып  үш  тілді білім беруді қолға алған бұл мектепте  кілең білікті  мұғалімдер қызмет етеді.Солардың бірі  химия пәнінің  мұғалімі  Сатмолдина  Фарида Әліпқызы.
Фарида Әліпқызы  оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланып, игі нәтижеге жету жолында үнемі өзінің кәсіби шеберлігін  жетілдіріп отырады. Оның ішінде ең маңызды 2010 -2013 жылдар аралығында  Канада, Монреаль қаласында орналасқан «Шектеусіз оқыту» Замануи Педагогикалық Орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы инновациялық мектеп» атты халықаралық жобасына қатысқан.
2013 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігі «ӨРЛЕУ»  біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының АҚ екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша, 2014 жылы «ӨРЛЕУ»  біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының АҚ.«PISA  халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауатылығын дамыту» курстарыннан өткен. Қазіргі қоғамда жан-жақты дамыған ,ізденімпаз,кәсіби құзіретті жаңа идеяларға құштар педагог.
Сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамассыз етіп, оқушы өз білім деңгейіне сай еңбектенуі үшін Блум таксономиясы бойынша, білімді бала өзі алатындай біліктермен қаруландырып отырады. Осы бағытта  2012 жылы «Химия пәнінен 9-сыныпқа арналған  құзыреттілікке бағытталған  оқу тапсырмалары» жинағы шықты. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні  сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданылуда. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуда.
Химия пәні бойынша соңғы 3-жылдың білім сапасына салыстырып қарайтын болсақ 2012-2013 оқу жылында 65,6%, 2013-2014 оқу жылында 68%,  2014-2015 оқу жылында 70 % -ға өскендігін көруімізге болады. Өз іс-тәжірибесінде  көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аударады. Химия сабағында оқушылар  критериялды бағалау арқылы  өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтай алады, өз білімін басқалармен салыстыра біледі. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйреніп, дағдыланған.

Осындай еңбектерімен іс-тәжірибесінің нәтижесінде  химия пәнінен  оқушылардың жетістіктері:

  • 2012-2013 оқу жылында: 9А-сынып оқушысы   химия пәнінен Күлейменова Дамира  Анталияда өткен   ІҮ интернационал  олимпиадада   ІІІ орын.
  • 2013-2014 оқу жылында: облыстық ғылыми жобалар сайысында 9 «А» сынып оқушысы Сәулешова Әйгерім ІІІ орын; ҚР ШҒА Орталық-Қазақстан бөлімі Қарағанды облысының Білім басқармасынының   44-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 2-деңгейлі ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында химия пәнінен  10А сынып оқушысы Валихан Әлия ІІ орын;
  • 2014-2015 оқу жылында: облыстық ғылыми жобалар сайысында 10«А» сынып оқушысы Сәулешова Әйгерім ІІІ орын иеленді.

Практикалық үйлестіруді  шебер меңгерген  іскер  мұғалім    ретінде бірнеше өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында бірнеше  семинарлар мен конференцияларға қатыса отырып бірнеше мақалалар жазды. 2012 жылы наурыз айында  МББҚБА және ҚДИ-ға  біліктіліктерін артыруға келген  химия пәнінің мұғалімдеріне «Химия пәнін оқытуда құзіреттілікке бағытылған білім беру»  тақырыбында дәріс берді. 2013-2014 о.ж. Қарағанды облысының Білім басқармасы. Қарағанды облысы білім берудегі дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған тамыз  конференциясында, «Жаңа дәуірдің жаңа технологиялары » тақырыбында баяндама жасады.  2014 жылы  28 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік  орталығы ұйымдастырған «Жалпы білім беретін мектептерде химия және биология пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында өткен өңіраралық семинарға қатысты, «Жалпы білім беретін мектептерде химия сабағында оқушылардың  функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті,сертификат алды, баяндамасы жинаққа енді.  2014 жылы  26-27 маусымда КарПТУ өткен «Ғылым,білім  және өндіріс -«Казахстан -2050» стратегиясының жетекші факторлары» (№6 Сағынов оқулары)  атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, «Химия сабағындағы критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбындағы    баяндамасы  жинаққа енді.
Фарида Әліпқызы  2012 жылы   іс-тәжірибесімен  мектеп мұғалімдері арасында  «Жеке тұлғаның джитальды (ақпараттық құзіреттілікті көрсете білу) құзіреттіліктерді дамыту әдістері» атты тақырыбында  семинар–коучинг  және  «Шеберлік сыныбын»  өткізді. Әріптестері арасында  оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділігімен, біліктілігімен  ұжымда, оқушылар, ата-аналар арсында зор құрметке ие.Фарида  мұғалім өзіндік  өр тұлғалы, қайсар жан. Сондықтанда болар  бір қарағанда  оқушыны қаймықтырар қатал адам сынды көрінеді.Алайда, сабақ беру процесі басталғанда  өзгеріп сала берер Фарида  мұғалімнің көзінен  оқушыға деген мейірімді, үйретсем, ұқтырсам деген құштарлықты көруге болады.Фарида Әліпқызы кейінгі буын жас мұғалімдерге  «Оқушы саналы болса, ұстаз ұстамды болса, ұтарымыз  көп» дегенді үнемі  ұқтырып отырады.

                                                                                  Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды  облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.