Home » Tag Archives: НЗМ (page 3)

Tag Archives: НЗМ

ГЕРМАНИЯ ҰСТАЗДАРЫ НЗМ ОҚУШЫЛАРЫНА НЕМІС ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Германия елінен арнайы мұғалім келіп, оқушыларға неміс тілінен сабақ берді. Өткен жылдан бастап Қызылордадағы Зияткерлік мектеп «SES-сарапшылар» жобасына белсенді қатысып келеді. Жаз айларында Германиядағы жетекші қоғамдық ұйым өзінің аға мамандарын білім ордасына жіберіп, 7-10-сынып оқушыларына арнап арнайы тілдік курстарын өткізеді. Биылғы оқу жылында қызылордалық өрендерге Германия, Ресей, Танзания, Эфиопия жерінде білім беру ұйымдарында неміс тілін ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлердің тағы бір жаңалығы

Түрлі жаңалықтарымен бөлісуге асығатын Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады. Бұл туралы Оралдағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жобаның жетекшісі  – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Баспасөз мәлімдемесінде келтірілгендей, талапты жас Финляндия, Түрк­ияда ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕРДІҢ 100 ПАЙЫЗЫ ЖОО-на ҚАБЫЛДАНДЫ

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 158 түлегі отандық және шетелдік оқу орындарына қабылданды. Олардың 98 пайызы білім гранттарын иеленіп, еліміздің және алыс-жақын шет елдердегі әртүрлі университеттерінде білімдерін жалғастыратын болады. Өткен жылдың статистикасымен салыстыратын болсақ, биылғы жылдың түлектері арасында Назарбаев Университетіне оқуға түскендердің саны артты. Халықаралық деңгейдегі орталықта тағы 30 қызылордалық зияткер қалаған мамандықтар бойынша грант негізінде білім алуға қол жеткізді. Мектептің ...

Толығырақ »

Шетелде тұратын этникалық қазақ оқушылары үшін Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі өз есігін айқара ашты

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Жастардың түп қазығын танып, тамырын ата-жұртында жаюына өз үлесімізді қосқымыз келеді» Шетелде тұратын этникалық қазақ оқушылары үшін Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі өз есігін айқара ашты. Мектептің ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов қатысып, жеткіншектерге жылы лебізін білдірді. — Шет елдерде жүрген бауырларымыз – біздің баға жетпес бай қазынамыз! «Ұлы дала ұрпағы» ...

Толығырақ »

Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспораларының балалары келмек

11 шілдеде, сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында шетелдегі оқушы қандастарымыздың қатысуымен іс-шара өтеді. Оның аясында жас меймандар Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә. Рахымжановпен кездесіп, «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін тамашалайды. Жастарға Кітапхананың көрме залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, естелік кітаптар тарту етіледі. «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебінің аясында өтетін іс-шараға Иран, ...

Толығырақ »

Робототехникадан Ұлттық чемпионат Оралда өтеді

Павлодарда өткен робототехникадан ұлттық чемпионатта жалпыкомандалық есепте ең көп жүлделі орын алған БҚО құрама командасы олимпиада жеңімпазы болып, WRO ауыспалы Кубогын иеленді. Бұл туралы Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сәйкесінше, 2020 жылы Ұлттық чемпионат жеңімпаздар қаласы – Оралда өтеді деп күтілуде. Ұлттық чемпионатта батысқазақстандық құрама сапында 18 оқушы өнер көрсетсе, соның 16-сы – Оралдағы зияткерлік мектептің ...

Толығырақ »

Ақтаулық оқушылар Талдықорғандағы тарихи-өлкетану экспедициясына қатысты

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Н» сынып оқушылары «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану экспедициясы  аясында табиғаты сұлу Жетісу өңіріне  саяхаттап қайтты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының патриоттық жобасы 16-23 маусым аралығында ұйымдастырылды. «Талайларды тамсандырған, тал бесігім –Талдықорған» атты тақырыппен басталған экспедицияға Ақтаудағы білім ордасынан «Қарақия» шаңырағының 12 оқушысы және Астана қаласындағы мектеп оқушылары қатысты. Экспедиция барысында балалар ежелгі ...

Толығырақ »

Семейде Рубик текшесін жылдам құрастырудан халықаралық чемпионат өтуде

  Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебінің қолдауымен рубик текшесін жылдам құрастырудан «Cubing Semey Open 2019» атты халықаралық чемпионат өтуде. 3 күнге созылатын жарыс «SemeySummerFest» халықаралық фестивалінің аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің 25 қаласынан бөлек, Ресей, Украина, Беларусь елдерінен келген 300 –ден астам ойы мен қолы жүйрік интеллектуалды азаматтар қатысуда. —  Жарыс WCA (World Cube Association) ұйымы бекіткен 18 тәртіптің 16 түрінен өтуде. ...

Толығырақ »

Робототехника бойынша ұлттық чемпионаты

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 27-28 маусымында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша ұлттық жарыстар өтеді. Осы жылдың тақырыбы –  «Ақылды қалалар». Жарыс төрт санат бойынша өтеді: «Негізгі», «Шығармашылық», «Роботтар футболы» және «Jasampaz»» (ақылды қалалар туралы жобалар). Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық аймақтарынан 240 оқушы қатысады. Қатысушылардың жасы – 17 жасқа дейін, ең жасы – өскемендік Әмір Жаңабаев 8 ...

Толығырақ »

«Туған елге тағзым» экспедициясы Ақтөбедегі жаңа нысандарға саяхат жасады

  Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында 2012 жылдан бері «Туған елге тағзым» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында әр өңірдің оқушылары Қазақстанның басқа облыстарына саяхат жасайды. Биыл Ақтөбе қаласына келіп жеткен экспедиция құрамында Семейлік және Талдықорғандық Зияткерлер бар. Ақтөбеде миллион халқы бар қала мәртебесін алу үшін бағытталған басты жобаны ретке келтіру жұмыстары қолға ...

Толығырақ »