Home » Жаңалықтар » Робототехника бойынша ұлттық чемпионаты

Робототехника бойынша ұлттық чемпионаты

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 27-28 маусымында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша ұлттық жарыстар өтеді. Осы жылдың тақырыбы –  «Ақылды қалалар».

Жарыс төрт санат бойынша өтеді: «Негізгі», «Шығармашылық», «Роботтар футболы» және «Jasampaz»» (ақылды қалалар туралы жобалар).

Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық аймақтарынан 240 оқушы қатысады. Қатысушылардың жасы – 17 жасқа дейін, ең жасы – өскемендік Әмір Жаңабаев 8 жаста. Жыл сайын ауылдық жерлерден қатысатын жас робототехниктер саны ұлғаюда. Биылғы жылы WRO-ға «Robotech» (Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кенті) және «RoboReBoot» командалары, Алматы облысы Алакөл ауданының Жыланды ауылы қосылды.

Дәстүр бойынша чемпионатқа белгілі халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары – НЗМ-нің ең талантты оқушылары қатысады. Оның ішінде, Нұрдәулет Таумергенов – Yakutsk International Science Fair-2018 гран – при иегері, Софья Кокорина (негізгі кіші санатта әлемдік топ-10 қатарына кіреді), Қуаныш Маден – робототехника бойынша түрлі конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдық мерейтойында ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне «Робот-трубочист» жобасын таныстырған болатын.

 

Биыл алғаш рет ұлттық чемпионат облыс орталығында өтуде, оған дейін чемпионат үнемі елордада ұйымдастырылатын.  2019 жылғы 27 сәуірде Павлодар облысындағы жарыстың аймақтық кезеңіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан еді.

Ұлттық чемпионат – бұл жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептері өткізетін робототехника бойынша WRO халықаралық кезеңінің іріктеу туры. 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad ұлттық үйлестірушісі «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ болып табылады.

Жеңімпаздар 2019 жылы 14-16 қарашада Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтетін WRO – 2019 олимпиадасының әлемдік кезеңіне іріктеуге қатысады.

Баспасөз қызметінің байланыстары:

8 701 683 2886 (Рымгүл Божақанова – Павлодар қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы)

8 (7172) 235700 (вн 1117); 8 702 840 78 82 (Альбина Елеуова))

8 775 557 2777 (Назерке Ғалым)

8 701 513 93 27 (Мира Алипинова)

E-mail: rymgul_b@pvl.nis.edu.kz, eleuova_a@nis.edu.kz, galym_n@nis.edu.kz, alipinova_m@nis.edu.kz

Ұлттық чемпионаттың ашылуы – 27 маусым 2019 жыл, сағат 13.00-де Павлодар қаласы (Ткачев көшесі 16/2).

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.