Home » Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ «BILIM AINASY»

Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ «BILIM AINASY»

Балалардың бірлігін нығайтқан шара

Балалардың бірлігін нығайтқан шара Оралда балалар үйі түлектеріне арналған «Ортақ мақсат. Қарым-қатынас. Ұйымшылдық» тақырыбында тимбилдинг өтті. Шараны Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясындағы кешке қатысушылар топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ...

Толығырақ »

Мектептерде жеміс ағаштары жайқалатын болады

Оралдық мектептерде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен «Мектеп. Алма бақ. Оқушы»  жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы аталмыш бөлімнің баспасөз қызметі мәлімдеді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің «Менің аулам – менің бағым» идеясы негізінде қолға алынған бұл жоба жеті мектепте бастау алды.  Үш жылға арналған жобаны жүзеге асыруға  С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық питомник-бақтың директоры Қайрат Кәрімов қолдау көрсетпек. Жыл басында ...

Толығырақ »

Оралдағы кітапсүйерлер клубы

23 сәуір –  Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Осыдан бір жыл бұрын Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ата-аналармен бірлескен  «Тәрбие әлемі» кітапсүйерлер қауымдастығы құрылған. Бұл туралы аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жобаның алғашқы айларында педагог, ата-ана және кітапханашылар үштігі бала тәрбиесіне қатысты арнайы әдебиеттерді оқып, өзекті мәселелерді талқылау алаңын құрса, кейін жобаға оқушылар да қосылған. Жоба виртуалды режимде бірлескен ...

Толығырақ »

Батысқазақстандық оқушылар өз білімдерін сынауда

Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Білім додасы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында ұйымдастырылуда. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыс бойынша 504 оқушы қатысуда. Оның ішінде аудан мектептерінен – 211, ...

Толығырақ »

Батысқазақстандық білімді оқушылар топ жарды

Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңінде ұсынылған жұмыстар іріктеуден өткізілсе, екінші кезеңде оқушылар өз жобаларын қорғаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық кезеңінің екінші кезеңі – бейіндеу пәндері ...

Толығырақ »

Университет грантына ие болды

Батысқазақстандық оқушы Қазақ-британ техникалық университетінің грантын иеленді деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күндері мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізді.     Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алмаз Шынбай мен 10-сынып оқушысы Жамбыл Мақсотов информатика ...

Толығырақ »