Home » Tag Archives: Жолдау

Tag Archives: Жолдау

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын  талқылап,  президент ұсынған идеяға бірауыздан қолдау білдірді. Биыл таныстырылған маңызды құжатта тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы дамыту мәселелері бойынша көптеген жобалар қамтылған. Әдеттегідей Президент әлеуметтік жаңғыру мәселесін ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектеп ұстаздары Жолдауға қолдау білдірді

               Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады. Білім ошағымыздың акт залына жиналғандар алдында тарих пәнінің мұғалімі Жанат Аманғожин баяндама жасап, маңызды құжаттағы Президент басымдық берген мәселелерге қысқаша тоқталды.             Күні бүгінге дейінгі Қазақстан халқына арналған ...

Толығырақ »

ҚАРАПАЙЫМ  ХАЛЫҚ  МҮДДЕСІ  БИІК  ТҰР

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы  Біз Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа алғашқы Президенттік Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысының осыдан аз-ақ уақыт бұрын өзінің  сайлауалды тұғырнамасында атап, белгілеп көрсеткен мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі қолға алып, жүзеге асыра бастағанының куәсі болудамыз. Расымен де сындарлы қоғамдық диалог — мемлекетіміздің тұрақтылығының негізі, Қазақстанымыздың қарышты өркендеуінің кепілі болмақ. Бұл тұрғыда Қасымжомарт Кемелұлы ең алдымен еліміздегі ішкі ...

Толығырақ »

Президент Жолдауы — күрделі мәселелерді шешудің тетігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын тыңдай отырып, бүгінгі қоғамдағы шешілуі тиісті мәселелерді дөп басып айтқандығын көруімізге болады. Атап айтсақ, ел бірлігі мен тұрақтылығынан бастап, әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығын қамти отырып, азаматтардық құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлтаралық татулық, тіл мәселелеріне де ерекше ден қойылған. Президент Жолдауында айтылған ...

Толығырақ »

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек

                «Келер жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары  басталды. Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті  сондай-ақ ең маңызды мерекеге — Тәуелсіздіктің ...

Толығырақ »

Оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет

«Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс. Экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу. Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек. Бірінші — білім беру сапасын жақсарту», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президентінің айтуынша, елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан ...

Толығырақ »

Адами капитал-жаңғыру негізі

        Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауымен  толықтай танысып шықтым. Елбасымыз: «Әлем бүгінде төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, техникалық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді »-деп айтқандай,  жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылуға бейімделу мен жетістікке жету үшін 10 міндетті айқындап берді. Аталған 10 міндеттегі басымдық берілген мін­деттердің бірі — ...

Толығырақ »

Болашаққа бастайтын 10 қадам

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған  Жолдауын насихаттау мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ә.Баймағамбетов пен Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Жақыпова Жарқайың ауданынының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Елбасымыздың Жолдауындағы: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», — деген салихалы сөздері мұғалімдерге үлкен міндет артады. Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып ...

Толығырақ »

Жолдау жүктеген жетінші міндет

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударған.Білім саласындағы қабілеттілікті қарыштату, мұғалімдер жалақысын жақсарту, біліктілікті растау. Бұл саладағы атқарылуы тиіс міндеттерді сатылай тарқатқан Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларды ғаламтор арқылы қолжетімді ету жайты айтылды.Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейін теңестіруге ...

Толығырақ »