Home » Жаңалықтар » Болашаққа бастайтын 10 қадам

Болашаққа бастайтын 10 қадам

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған  Жолдауын насихаттау мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ә.Баймағамбетов пен Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Жақыпова Жарқайың ауданынының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстан арнайы келген ақпараттық-насихаттық топ алдымен Тасөткел ауылы тұрғындарымен кездесті. Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Асылхан Әлжанов ауданның әлеуметтік, экономикалық ахуалы жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Марал Жақыпова Елбасы  Жолдауының  басты бағыттарына  тоқталып, білім деңгейін арттыру, денсаулық сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, латын әліпбиіне көшу, тілдік ортаны қалыптастыру, ономастика мәселелеріне кеңінен түсінік берді. Ал «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысындағы филиалының директоры Әлібек Бекболатұлы, Елбасы Жолдауында айтылған «ақылды технологияны» енгізу арқылы сананы жаңғыртудың, халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономиканы дамытудың жолдарына тоқталды.

Кездесуден соң ақпараттық топ мүшелері Тасөткел ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Бұдан кейін топ мүшелері аудан орталығы Державин қаласына ат басын бұрып, аудандық кітапхананың оқырмандар залында еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл кездесуде ақпараттық топтың мүшелері  Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды кеңінен түсіндіріп өтті. Жарыссөзге қатысқан аудандық ақпараттық топтың мүшесі Әлібек Дощанов Елбасы Жолдауын қолдайтындығын жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асылхан Қапашұлы Елбасының Жолдауынан туындайтын мәселелер бойынша түсінік берген түсіндіру тобының мүшелеріне аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.