Home » Tag Archives: жаңалық (page 3)

Tag Archives: жаңалық

Болашақ Астанасындағы Наурыз кездесулері

Болашақ Астанасындағы Наурыз кездесулері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Болашақ қаласы: елорда сәулеті» атты Наурыз кездесулері өтті. Оқушылар үшін ғылыми алаңға айналған Наурыз кездесулеріне Республика бойынша Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінен жиналған 200-ден астам оқушы қатысты. Наурыз форумының басты оқиғаларының бірі белгілі қазақстандық және шетелдік архитекторлардың қатысуымен өткен «Астана геометриясы» атты дәріс және тәжірибелік сабақтары болды ...

Толығырақ »

Кулжанова Айдана Диярбековна

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»-нда әз Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік бағдарлама болып өтті. Мерекелік кеште «Наурыз» күйі күмбірлеп, сол күйдің ырғамен «Ай» мен «Күнді» бейнелеген филиал қызметкерлері «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!», «Еліміз тыныш болсын!», «Берекелі жыл болсын!» деген ақ тілектермен ашты. Содан соң ақ кимешек киген ...

Толығырақ »

Әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері

27 қарашада сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысады. Тұсаукесерге шақырылған қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасында шетелдік дипломатиялық міндеттерін атқарып жүрген өкілдер, Башқұртстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия ғылым ...

Толығырақ »

«Зерде-2017» облыстық байқауының жеңімпаздары Республикалық кезеңге жолдама алды

Бүгін, 3 қазан, Көкшетау қаласында 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде-2017» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Бірінші орынды иеленген 19 оқушы облысымыздың намысын келесі жылы «Зерде» байқауының Республикалық кезеңінде қорғайтын болады. Шара Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес дарынды балаларға арналған ...

Толығырақ »

Ақмола облысында «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» облыстық семинары өтті

  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 12 қазан күні білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» облыстық семинар өткізілді. Аталған іс шараның басты мақсаты – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы борышын, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру. Семинар жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы ...

Толығырақ »

Ақмола облысының педагог-психологтары мен медицина қызметкерлеріне арналған жоба

     Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен педагог-психологтардың арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кәмелетке толмаған балалардың арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының өкілдігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды ...

Толығырақ »

Павлодар – велоқала

Аптаның алғашқы күні Павлодар қаласында «Павлодар-велоқала» эковеложарысы өтті. Іс-шараның жүзеге асуына Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйытқы болды. Спорттық жоба велосипедті қауіпсіз, экологиялық, үнемді көлік түрі ретінде күнделікті өмірде қолдану мақсатын көздеген. Игі шараға 200-ден астам спортсүйер қауым атсалысты. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласынан

Толығырақ »

Турнир өтуде

       Павлодар бойынша спорт комитетінің мұрындық болуымен шағын футболдан қаланың 24 мектебінің 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдері қатысуымен қалалық турнир өтуде. Турнир жасөспірімдерді облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру үшін мықты спорт командалары мен спортшыларды анықтау мақсатында өткізілуде. Басы-қасында төрешілік жасап жүрген ұлттық санаттағы төреші Азамат Мейрамұлы Қарғужионов. Бұл турнир футболдан жасөспірімдерді жаттықтырушы, спорт ардагері Александр Александрович Клопковты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған. ...

Толығырақ »

Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ұстаздар күніне орай 30 қыркүйек күні Қызылорданың А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді құттықтап, жұмыстарына табыс пен зор денсаулық тіледі. Аймағымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдер саны 20 409 болса, оның ...

Толығырақ »

Көкшетау қаласының №18 орта мектебіне Сәкен Жүнісовтың есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылы 13 мамырда қабылдаған қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке Сәкен Нұрмұқанұлы Жүнісовтың есімі берілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісов Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола), Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Ол жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Жазушылықтан бөлек, карикатуралар салған, домбыра, пианино, ...

Толығырақ »