Шалқар ауылының кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығына арналған кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникацялар қызметі. Аталмыш іс-шараның мақсаты оқырмандарға алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Таныстыра отырып, өткенге көз жүгірту. Өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуы кешегі аталарымыздың жанкешті еңбегі, ...
Толығырақ »Tag Archives: білім айнасы
Астана армандардың қаласы №27 «Балауса» …
«Толқынды толқын» қуса, Арманнан арман туатыны тағы бар. Кейде қиялға беріліп, елеспен әлемді суреттеп жіберетін кездер болады. Бүгінде шимай салып, сол әрлі- берлі сызылған сызықтарда, қиялыңның қаншалықты шалғайда тұрғанын ескермеу мүмкін емес болыпты. Жә, нақты іске көшейін. Қыркүйектің алғашқы күндерінің бірінде Астана қаласының Білім басқармасына қарасты № 27 «Балауса» балабақшасының ұйымдастыруымен «Сурет салудың дәстүрден тыс техникасы» (Нетрадиционные техники рисования) атты ...
Толығырақ »Динар — Балалар Евровидениесі ұлттық іріктеуінің финалисі
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динар Нәдірбекова ел тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалына шықты. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуге жалпы саны 200 –ге жуық үміткер өтініш білдірген. Алайда негізгі талаптарды ескере отырып, 134 өнерпаздың ғана өтініштері қабылданған. Жуырда ұйымдастырушылар іріктеудің ақтық сынына жолдама алған финалистердің есімдерін ...
Толығырақ »МҚІСЖҚА мектептер мен балабақшалардың бюджеттерін ашық қолжетімдлікте жариялауды талап етеді
Бүгін МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы, облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен мектеп қамқоршылық кеңестердің белсенді өкілдері қатысты. Агенттік төрағасының орынбасары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы ...
Толығырақ »М.Әуезовтің көркем образ жасаудағы шеберлігі
Ұлы суреткер М.Әуезов шығармаларының тағылымы таусылмас қазына екені белгілі. Осы ретте М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі жайында айтылар ойдың көп болмағы да осыдан. 1927 жылы М.Әуезов Қарқара жәрмеңкесінде: «Көп қорлық көрген ел екен. Қарсылық білдірдің деп жазықсыз атып, шауыпты, соны жазайын деп жүрмін» деген. М.Әуезовтің бұл жүрекжарды сөзі С.Қожамқұловтың «Ереуіл төбе» атты естелігінде бар. М.Әуезов тарихтың осы бір қыртысы мол, қалтарысты ...
Толығырақ »Білім мазмұнын жаңарту жағдайында курс тыңдаушыларының таныстырылым сөздерін дайындау ерекшеліктері
Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепте неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі талқылаудағы мәселе екенін анық. Кей кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтердің біліктілігін арттыру ...
Толығырақ »«Адал жол – Честный путь» марафоны қазыналы Қарақия ауданынан Жаңаөзен қаласына табысталды
Айта кету керек, «Адал жол» марафоны сәуір айында Ақтау қаласынан бастау алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара осыған дейін Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарында болып, енді міне Жаңаөзен шаһарына табысталды. Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында өткен шара кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және Қарақия ауданы әкімінің ...
Толығырақ »Жаңаөзен қарттарының айтары бар
Осыған дейін Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестері мүшелерінің бірінші съезінде және Қарақия аудандық ардагерлер үйінде көтерілген сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бұл жолы Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты. Кезекті кездесудің ардагерлер үйінде өтуі кездейсоқтық емес. Себебі үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарай білген халықпыз. Сол себепті Департамент басшысы Жаңаөзен қаласындағы ардагерлер үйінде болып, қарттармен жүздескенді жөн санады. Басқосуда сөз алған Нұргүл Алмасқызы бүгінде өңірімізде ...
Толығырақ »Ақмола облысында МӘСҚ жарнаның жалпы соммасы 3,1 млрд теңгеден асты
2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 тамызы аралығында ақмолалықтар мәндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 3,1 млрд.теңгеден астам қаражат аударған. Олардың ішінде 2,8 млрд. (89,4 % жуығы) жұмыс берушілердің үлесінде болса, 333,6 млн.теңгесі (10,6 % жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істеушілердің үлесі деп хабарлайды «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалы. Жарнадан бөлек міндетті әлеуметтік сақтандыру ...
Толығырақ »Әзілде де шындық бар
Республикада алғаш рет Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлық тақырыбында көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті. «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен «Елу жылда — ел жаңа» атты республикалық жайдарман сайысы мұнайшылар қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 6 команда қатысты. Атап айтар болсақ Шымкенттен келген «Байдың балдары», Ақтөбелік «Фемида», Орал өңірінен «Грант», Атыраудан «Сағыз», Маңғыстаудың намысын қорғаған «Боранқұл» және «Өзенмұнайгаз» командалары. ...
Толығырақ »