Home » Жаңалықтар » Білім мазмұнын жаңарту жағдайында курс тыңдаушыларының таныстырылым сөздерін дайындау ерекшеліктері

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында курс тыңдаушыларының таныстырылым сөздерін дайындау ерекшеліктері

Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепте неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі талқылаудағы мәселе екенін анық. Кей кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады.

Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында алған жаңа білімдері мен дағдылары аса маңызды. Кәсіби даму үшін жұмсалған уақыт, күш, қаржыларды адам капиталына жұмсалған инвестиция деп қарау керек.

Оқыту жетістіктерінің өнімді сипат алуы, оқу процесінің әр сабақта білім алу үшін мұғалімдер өздері белсенді қызмет етуімен сипатталады. Тренер мұғалімдердің танымдық қызметін ұйымдастырушы.

Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талап, сабақта белсенді оқыту әдістерін пайдалану және тыңдаушыларды танымдық үдеріске тарту болып табылады. Мұндай тәсілді пайдалану кезінде, мұғалім білімді дайын түрде алмай, білімге, өзіндік оқу-танымдық қызметінің үдерісінде ие болады.

Бүгінгі тақырып өте орынды көтеріліп отыр.Таныстырылым барысында мұғалімдер өз ойларын рефлексия жасай отырып білдіргендері дұрыс сияқты. Себебі, мұғалімнің таныстырылымдағы айтылатын сөздерінде бағаланатын төрт критерий нақты көрініс табуы керек. Мен өз тәжірибемде мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей тәуелсіз жоспарлауды мұғалімдердің белсенді түрде жалғастыруларына көңіл бөлемін. Таныстырылым барысында нақты қандай ой  және ол неліктен олай айтылуы қажет екендігіне бірінші күннен бастап ерекше назар қойылады. Бірінші күннен топтық бойынша тапсырмалар орындалады.Кезекші міндеті сергіту және топқа біріктіруді міндетті түрде әртүрлі тәсілдермен ұйымдастырады. Біріншіден, мұғалімдер өз қоржындарына әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтай бастайды. Маңыздысы кезекші мұғалім «Неге, неліктен бұл әдісті таңдадыңыз, Таңдаған әдісіңіз сізге, тыңдаушыларға не береді, қандай дағдыны, құндылықтарды қалыптастырғыңыз келді?» деген сұрақтарға алғашқы күннен бастап талдау жасайды. Бастапқыда ойларын сипаттау түрінде айта бастағанымен ашық сұрақтар қойып жетелеу арқылы талдаудың маңызын түсіне бастайды. Бұл жерде тренердің мақсаты мұғалімдердің ойын жинақтап, нақты тақырып аясында ойын білдіруге дағдыландыру. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойды тыңдаушылар жақсы түсінуі керек. Бұл олардан ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі тапсырмаларды жоспарлауда қолдана білуін талап етеді.

Мұғалімдерге барлық ақпараттарды қарапайым, түсінікті тілде айту қажет. … «Жұмыс негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» деп Ж.Аймауытов айтқандай мұғалімге берілетін ақпараттарды да танымал жақын нәрселерден бастағанымыз абзал.

Ол үшін мұғалімге арналған нұсқаулық мазмұнын толық талдай отырып жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырған тиімді. Курстың алғашқы күнінен бастап «неліктен олай ойлайсыз, неге осы ойды айтқыңыз келді, бұл іс әрекет оқушыға не береді, қандай дағды қалыптастырады және сізге, мұғалімге не береді, сіз ол ақпаратпен ары қарай не істемекшісіз …?» т.б. дегендей сұрақтарды үнемі қою мұғалімдерді сыни ойлауға және ойларын жинақтап нақты айтуға алып келеді. Әр бірі жеке тұлға болғандықтан әр мұғалімнің сөйлеу стиліне көңіл бөлу қажет. Белсенді мұғалімдерді көшбасшы ретінде қабылдаулары жәй, зейіндері шашыраңқы тыңдаушыларға жетекші етіп тағайындау және топтар арасында шынайы бәсекелестік туындата алу тренерлердің шеберлігіне байланысты. Мұғалім таныстырылымда критерий бойынша сөйлеу керектігін жоспар бойынша өтетін барлық сессияларда жұптық, топтық қорғалым кезінде талап етіп отырсаңыз жылдам бейімделеді. Қорғау барысындағы оқу мақсаттарына қарай орындалатын қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды яғни кез келген іс әрекеттерді орындау барысында осы мақсатқа жету үшін қандай бағалау критерийін қойып, нәтижеге жету үшін нені, неге, қалай жасадық және қалай бағаладық, неге бұл әдіс таңдалды деген сияқты төрт критерий бойынша талдауын талап ету маңызды. Яғни, рефлексиялық ашық сұрақтарды тиімді қоя алған жақсы нәтиже береді. Қорғау барысында тапсырмаларды орындату барысында кез келген әдіс, мейлі ол постер қорғау ма, «Венн диаграммасы» ма немесе бағалау әдісі «Бағдаршам» ба «неге, неліктен таңдалды, бұл әдіс сізге, оқушыға не береді, қандай дағды қалыптастыруды ойлайсыз» деп талдау жасату сөздік қорын молайтады, нақты сөйлеуге дағдыландырады.

Жаңартылған бағдарлама идеясын түсіне отырып неліктен, неге, қандай дағды мен құндылықтарды қалыптастыруды жоспарлап отырғандығын кез келген тапсырмадан көрсете отырып сабақтың оқу мақсатына оралып отыруы маңызды.Тапсырмалар жоспарлауда бағалау критерийлері мен дескрипторларға тоқталып пәнаралық байланыс, құндылықтарды меңгерту, тілдік мақсаттың орындалуын қалай жоспарлағандығын талдап айтуы академиялық тілді қалыптастыруға оң ықпалын тигізіледі.

Сонымен бірге, білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, жасау және беру, ақпарат пен жаңа ойлармен алмасу үшін ынтымақтастық, өз жұмысын бағалау және жетілдіру үшін жабдықтар мен қосымшалардың кең спектрін пайдалануды қоса алғанда–функционалды сауаттылығын қамтамасыз етіледі.

Еліміздегі орта білім беру реформасының тиімділігі көбінесе мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңарту жұмысына дайындығына тәуелді, сондықтан мұғалімнің тәжірибесі және оның зерттеу қызметі маңызды болып табылады.

Тренерлер мұғалімдердің таныстырылымға дайындығын Б.Блум таксаномиясы бойынша бағалап отыру керек. Білімді меңгеруде шығармашылығын  жетілдіру, дамыту үшін идеясы бойынша тиімді оқыту мен оқу тәсілдерінің маңызын  біледі және түсінеді. Белсенді әдіс тәсілдерді тиімді қолдануды жоспарлай алады. Белсенді оқытудың тиімділігін жіктеп талдайды.  Оқыту мақсаттарына қол жету жолдарындағы белсенді әдістердің тиімділігін  талдап жинақтайды. Рефлексия, кері байланыс арқылы өзі дамуы үшін нені  біліп, білмегенін бағалай алады.Өздерін еркін ұстап, дұрыс кері байланыс бере алады.

 

 

Пайдаланылған әдибиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

 

 

Гульжан Джаркинбаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл

 облысы  бойынша ПҚ БАИ 

аға оқытушысы,

жаңартылған білім беру

бағдарламасының тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.