Home » Tag Archives: білім айнасы (page 110)

Tag Archives: білім айнасы

Рухани жаңғыру – ата дәстүрді қолдау!

Рухани жаңғыру «болашаққа бағдар» жобасы аясында  Кеше, Ақсу қаласындағы №2 бөбектер бақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру «болашаққа бағдар» жобасы шеңберінде тағылымға толы ертеңгілік өтті. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ортаңғы «А» тобының тәрбиешілері: Анар Еденова, Жанар Садуакасова және ән-күй жетекшісі Гүлмира Жунисованың ұйымдастыруымен өткен маңызы мен мағынасы зор айтулы іс-шараға Ақсу қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты

Қызылорда оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты өтті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп 2017 жылғы 24 қарашада өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір аясында «НАРХОЗ» университетінің басшылығымен еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасын өткізу бастамасы ...

Толығырақ »

Ұлт мақтанышы – Елбасы

Көкшетаулықтар Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді бастап кетті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атап айтқанда, 16 қараша күні «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты авторлық әндердің кеші өткізілген. Конкурста көкшетаулық композиторлар –  Құмарбек Қалқатаевтың, Ерлан Ташевтың, Ақбай Беймолдина мен Жанатқазы Дәмелқазының «Қазақстан», «Отан», «Жаса, жайна, Астана», «Сүйікті ...

Толығырақ »

«Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді

2017 жылғы 29 қарашада сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Қоғамның бұл жоғары марапаты жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосқан еліміздің, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтарына табысталады. Атап айтқанда, ол қоғамдық негізде қазақ тілін БАҚ, әдебиет пен өнер саласында насихаттаушыларға, Қазақстанда және шетелде ...

Толығырақ »

Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала

Қызылорда облыстық білім басқармасына қарасты оқу орталығының ұйымдастыруымен 22-ші қараша күні Қызылорда қаласындағы «Алтын ұя» балабақшасында «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» тақырыбы аясында шығармашылық апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты: Республикалық білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2017жж арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес: Жаңашыл іс-тәжірибелерді насихаттау; Балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу; Баланы мектепке мақсатты түрде дайындау тәсілдерін жетілдіру; ...

Толығырақ »

Латын қарпі — заман талабы

Бүгін, қарашаның 27-і күні Жезқазған гуманитарлық колледжінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК нұсқауы бойынша «Латын әліпбиіне көшу мәселесін насихаттау іс-шаралары» және «Тіл, әдебиет және музыкалық білім беру оқыту әдістемелерімен» пәндік-циклдік комиссиясының онкүндігі аясында оқытушы С.Е. Шатенованың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиінің берері» тақырыбында білім алушыларымыздың «Нұр Отан» ХДП резерві, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ директоры ...

Толығырақ »

Мектепке тағзым

Бүгінгі таңда мектептердің материалдық базасын жетілдіруге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кейбір мектеп түлектерінің де өз еркімен материалдық тұрғыда, не қаржылай қолдау көрсетіп жататыны да бар. 2017 жылғы мамырда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бастамасымен, «Мектебіме тағзым» жобасы бастау алды. Жаңа оқу жылының басында алғашқы шығарылған қорытындыларға сәйкес, өз мектептері үшін жалпы сомасы 111 миллион теңгеден астам қаржылай ...

Толығырақ »

Құқықтық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу

Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген ...

Толығырақ »

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ауызша журнал. Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан, туған жер туралы ...

Толығырақ »

Әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері

27 қарашада сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысады. Тұсаукесерге шақырылған қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасында шетелдік дипломатиялық міндеттерін атқарып жүрген өкілдер, Башқұртстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия ғылым ...

Толығырақ »