Home » Tag Archives: Ақерке Амангелдіқызы (page 4)

Tag Archives: Ақерке Амангелдіқызы

Балабақшаның тарихы тереңде жатыр

Алматы қаласы, Медеу аудандық, №105 бөбекжай-балабақшасымен танысып қайттық. Балабақшаның тарихы тереңде жатыр. Қаладағы бірінші №204 (қазіргі №105) қазақ балабақшасы. 1965 жылы Ленин даңғылында 6 топ болып ашылып, 1976 жылы Зенков көшесіне көшірген. Аталған балабақшада Дінмұхаммед атамыз қонақта болған екен. Балалар жыл сайын Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев аталарының туған күнінде ол кісінің музейінде қонақта болады. Атаның өмір жолымен жақын танысып, бала жүректеріне ...

Толығырақ »

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!

Алматы қаласы Әуезов ауданы КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасында» «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар №129 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Беспаева Гүлжахан Токташбаевнаның алғы сөзімен басталды. Семинарда Әуезов аудандық Білім бөлімінің басшысы, Әуезов аудандық мобильді топ басшысы, Әуезов ауданының бөбекжай-балабақшаларының музыка жетекшілері қонақта болды. Додокаэдр ойыны арқылы қатысушыларымызды бір сергітіп алды. Семинар “Жаса, Наурыз дәстүрлі!” атты мерекелік бағдарламасымен жалғасты. Наурыз мейрамының мәні ...

Толығырақ »

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК №49 бөбекжай-балабақшасы “Қош келдің, Әз-Наурыз!” — атты тәрбиеленушілер мен ата-аналарының қатысуымен мерекелік ертеңгіліктер өтті. Наурыз мейрамының шымылдығы мектеп алды (қазақ) «Қарлығаш» тобының «Жыл басына таласқан хайуанаттар» көрінісімен түрілді. Аталған көрініске топтың ата-аналары бір кісідей ат салысқан екен. “Өнерлінің өрісі кең”, — дегенді ұран еткен аналарымыз әуелетіп ән шырқап, мың бұрала би де биледі. “Қарлығаш” тобының ата-аналарының ...

Толығырақ »

Жарқын болашақ

Алматы қаласы білім басқармасының «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК “Жарқын болашақ” жобасы аясында ата-аналармен сұхбат өткізді. Сұхбаттың мақсаты — балаға КМҚК №132 бөбекжай- балабақшасында және отбасында бақытты болуға, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.     Ата-аналармен ұйымдастырылған сұхбат төрт кезеңнен тұрды: “тамақтану”, “серуен”, “ұйқы” және “балабақшадағы бейне көрініс”.     Бірінші “Тамақтану” кезеңі бойынша ата-аналармен сұхбаттасқан «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі ...

Толығырақ »

Салт-дәстүрім сөйлесін

Алматы қаласы, Медеу аудандық №196 бөбекжай-балабақшасында “Салт-дәстүрім сөйлесін” атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз: —тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу, — дейді балабақша ұжымы. Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қол­өнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі ...

Толығырақ »

Білгенге маржан

Алматы қаласы Білім басқармасының №21 санаториялық бөбекжай-балабақшасында “Білгенге маржан” атты семинар өтті. Семинардың шымылдығы балабақша меңгерушісі Сеилгазинова Гульдана Нурхановнаның алғы сөзімен түрілді. Балабақша әдіскері “Білгенге маржан” жобасын іске асыру нәтижелерінің есебі мен презентациясын таныстырып өтті. “Мың бір түн” ертегісінің желісі бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қойылым қойды. Қойылым барысында тәрбиеленушілер осы уақытқа дейін үйренгендерінің бірін қалдырмай ортаға салды. Балалар ұлттық тағамдарды ...

Толығырақ »

Ұлттық тәрбие негізі-балабақшада

Жуырда Алматы қаласы Медеу аудандық 125 бөбекжай-балабақшасында қонақ болып, Арайлым Қазбекқызы бастаған ұжыммен жақын танысып қайттық. Балабақша меңгерушісі Арайлым Қазбекқызы 2023жылдың жаз айында Алматы қаласы әкімінің және білім басқармасының қолдауымен Сингапур еліне тәжірибе алмасуға барып келген екен. Сол елден алып келген тәжірибесін қазіргі таңда өзі басқарып отырған №125 бөбекжай-балабақшасында қолданып жатыр. Бала — біздің болашағымыз. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен ...

Толығырақ »

Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары

Алматы қаласы, Бостандық аудандық №140 бөбекжай-балабақшасында «ӨРЛЕУ» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне «Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты  ұйымдастыру формалары» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш балабақшада жас ерекшеліктеріне сай мемлекеттік тілде 6 топ бар. 15 педагог жұмыс жасайды. Олардың 4 педагог-модератор,1 педагог-сарапшы,1 педагог-зертеуші және 3 магистр бар. Балабақшада ...

Толығырақ »

“Табиғат және біз”

2023 жылдың шілде айында Алматы қаласы әкімдігі және білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсы бойынша Лондон қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болып келді. Англия балабақшаларының ерекшелігі — қалдық заттардан жасалынған бұйымдар қолданылады. Лондон іс-тәжірибесі негізінде Бостандық аудандық №152 бөбекжай-балабақшасында “Табиғат және біз” экологиялық жобасы ...

Толығырақ »

Педагогтер тәжірибе алмасты

Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырды. Бұл жиын Әуезов ауданындағы №190 бөбекжай-балабақшасында өтті. Құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында өткен іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің балаларды ерте дамыту институтының мамандары, өңірлік білім басқармаларының жауапты мамандары, облыстық, қалалық әдістемелік ...

Толығырақ »