Home » Жаңалықтар » Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!

Алматы қаласы Әуезов ауданы
КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасында»
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинар №129 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Беспаева Гүлжахан Токташбаевнаның алғы сөзімен басталды. Семинарда Әуезов аудандық Білім бөлімінің басшысы, Әуезов аудандық мобильді топ басшысы, Әуезов ауданының бөбекжай-балабақшаларының музыка жетекшілері қонақта болды. Додокаэдр ойыны арқылы қатысушыларымызды бір сергітіп алды.

Семинар “Жаса, Наурыз дәстүрлі!” атты мерекелік бағдарламасымен жалғасты.
Наурыз мейрамының мәні түсіндіріліп, күн мен түннің теңелуі сахналанды. Ұлттық ойындарымыз ойнатылды.
Қобыздың қоңыр даусының сүйемелдеуімен аластау рәсімі де өтті.
Наурыз кезіндегі аластау көне заманнан келе жатқан ғұрыптарымыздың бірі.
Тәрбиешілер мен балалар ұлттық аспаптармен әуелетіп ән шырқап, мың бұралып би биледі. Киелі киіз үй тігіліп, шашу шашылды. «Дәстүрден тыс оркестр» бөлімінде — тұрмыстық өндірісте қолданалатын заттардан оркестр ойнап берді. «Үйрету — үлкеннен, үйрену — кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіре білген балабақша ұжымы мен музыка жетекшілеріне бәрі риза болды.

20 наурыз – Ұлттық спорт, Ұлттық ойын күні. Бұл айрықша күні біз Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің бай мұрасын, оның халқымыздың рухани және физикалық дамуындағы маңызын атап өтуіміз қажет. “Ұлттық ойынды дәріптейік” бөлімінде қатысушылармен “бес тас” ойыны ойнатылды.

Балабақша меңгерушісі Беспаева Гүлжахан Токташбаевна семинар жайлы
—Бүгін Әуезов аудандық №129 бөбекжай-балабақшасында музыка жетекшісінің «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» атты семинары өтті.
Әз Наурызымызды дәріптеуге өз үлесімізді қоса алдық деп ойлаймыз.
Бұл жұмысқа музыка жетекшісімен қатар ата-аналар да, балабақшадан түлеп ұшқан тәрбиеленушілер де семинарымызға өз үндерін қосты.
Баршаңыз адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты, ырысты да тынысты жақсылықтарымен қауышыңыздар!
Әз Наурыз құтты болсын, қазақ елі! — деп пікірін білдірді.

   

—Біздің балабақшамызда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Жаса, Наурыз дәстүрлі!” атты іс-шарамыз өтті. Жоғары деңгейде өтті деген ойдамын, мақсатыма жеттім. Осылай біздің балапандарымызға қазақи құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, ойындарымызды бәрін-бәрін бойларына дәріптеп, сіңдіре білсек, болашақта біздің балалар қазақ екенін жүрекпен сезініп, патриот ұрпақ боларына сенемін, — дейді семинардың ұйымдастырушы Асел ханым.

Семинар соңында ашық микрофон, рефлексия айдары өтіп, семинар қонақтары мен қатысушыларға сөз берілді.
“Бір минут та ішіміз пыспады. Театрда, концертте отырғандай болдық.” — деп семинар қонақтары бір ауыздан алғысын білдірді.

«Bilim Ainasy»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.