Home » Tag Archives: НИШ (page 3)

Tag Archives: НИШ

Дияр Туленов Азия олимпиадасында қола медаль иеленді

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дияр Туленов Австралия елінде Аделаида қаласында 5-13 мамыр күндері физикадан өткен ХХ Азия олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Индия, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінен физиктер қатысты. Физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық ...

Толығырақ »

Ағылшын тілінде әңгіме жазған Аспарух АҚШ-қа барады

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аспарух Сұлтанмұрат  АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бағдарламалары бюросының қолдауымен ұйымдастырылған «Жол аралық: әлем және жазушылық тәжірибе» (Between the lines) атты екі апталық бағдарламасының жеңімпаздарының бірі атанды. Айова университетімен (The University of lowa) бірлесе ұйымдастырылған курс биылғы жылдың 13-27 шілде аралығында аталған универсиетте өтпек. Ағылшын тілінің шеберлері мен жазушылық қабілеті бар балалардың ...

Толығырақ »

Жадымызда аталардың ерлігі

Биыл Ұлы Жеңістің  74 жылдығы. Жарты әлемді жаулаған соғыс өртін сөндіруге майданға аттанған ер-азаматтың қайтпағандары да аз емес. Қайтқандарының өзі қатары сиреп барады. «Таулар алыстаған сайын биіктей береді», — демекші соғыстың аяқталғанына да ұзақ уақыт өтсе де, ондағы жасалған ерліктер әлі күнге дейін аңыз болып айтылып, батырлар әспеттеліп келеді.  Бұл өскелең ұрпақ үшін баға жетпес құнды тарих. Семей қаласындағы физика-математика ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептегі Наурыз мерекесі         

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Наурыз мейрамын атап өтті. Ұлыстың Ұлы күнін қар көбесі сөгіліп, жер аяғы кеңігенде мерекелеу жаңалық емес. Білуімізше, қазақ даласының өзінде ғана климаттық жағдайға байланысты жыл басы 40 күнге дейін тойланған деген дерек бар. Осы дерекке сүйене отырып, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар біріге отырып, әз – Наурызды өткерді. Мектеп ауласына 12 ақ шаңқаң киіз үй ...

Толығырақ »

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар мен балалармен «Тату отбасы» бағдарламасы бойынша  кездесу өз мәресіне жетті. Бұл кездесуде ата-аналар балалардың өздерін жақсы ұстаған жағдайда, оларды қалай мақтау керектігін үйренді және балалардың өздерін тәртіпті әрі жақсы ұстау үшін және жақсы қарым-қатынас құрау үшін әртүрлі сыйақылар мен марапаттарды қолдануды үйренді. Оқушылар стресске әкелетін жағдайларды анықтауға, стресстің белгілерін анықтауға, стресспен күресу жолдарын іздеуге ...

Толығырақ »

ЖАҢА «MOVIE TALK» ОЙ БӨЛІСУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мағынасы терең, тағлымы биік, ойы ұшқыр фильмдерді өзге көрермендерге таныстыру мақсатында «Movie talk» жаңа жобасы өз жұмысын бастады. Ой бөлісу алаңында оқушылар өздері көрген белгілі бір фильмнің мазмұнын қысқаша баяндау  арқылы  өзге жастардың қызығушылығын арттыра түсуде. Жоба ұйымдастырушысы педагог-куратор Дина Аширбаеваның айтуынша,  әр сыныптан бір оқушы спикер болып таңдалынып, олар аз уақыт ішінде көпшілік алдында ...

Толығырақ »

Қос домбырашымыздың жеңісі

  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыраның құлағында ойнайтын талантты оқушылар аз емес. Солардың қатарында 8 сынып оқушылары Адлен Ролланұлы мен Балжан Аликенованың шоқтығы биік. Жуырда осы қос талантымыз  «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми — әдістемелік журналының ұйымдастырылуымен өткен «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында топ жарды. Байқаудың домбыра жанры бойынша бақтарын сынаған олар бірі бас жүлде, бірі 1 ...

Толығырақ »

Ғалымның аты жаңғырған олимпиада

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика әдістемелік бірлестігі белгілі ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қажи Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтановтың атында 5-6 сынып оқушылары үшін математикадан І аймақтық олимпиада өткізді. Олимпиадаға 130-ға жуық оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бар ғылымның атасы саналатын есепке кімнің жүйрік екендігін анықтады. Олимпиада аясында әдістемелік-тәжірибелік конференция қоса өтіп, мектеп мұғалімдерінің көкейінде жүрген өзекті мәселелер ортаға салынды. — ...

Толығырақ »

2019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді

Уақыты: 2019 жылғы 4 қаңтар, 11:00 Орны: Назарбаев Зияткерлік мектебі Батыс-2 мөлтек ауданы, 26Б.   Қазақстандағы және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын әр жылдағы 200-ден астам түлек қатысады деп күтілуде. Мұндай форум алғаш рет өткізілуде, Ақтөбе қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді. Кеңеске Испанов И.С., Қалдығұлова С.М., Шынтасова С.П., сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім беру ұйымы төрайымының орынбасарлары қатысады. ...

Толығырақ »