Home » Жаңалықтар » 2019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді

2019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді

Уақыты: 2019 жылғы 4 қаңтар, 11:00
Орны: Назарбаев Зияткерлік мектебі
Батыс-2 мөлтек ауданы, 26Б.

 

Қазақстандағы және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын әр жылдағы 200-ден астам түлек қатысады деп күтілуде.

Мұндай форум алғаш рет өткізілуде, Ақтөбе қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді. Кеңеске Испанов И.С., Қалдығұлова С.М., Шынтасова С.П., сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім беру ұйымы төрайымының орынбасарлары қатысады. Форумға 30-дан астам компаниялар кіреді, олар «Казхром», «СНПС-Актобемунайгаз», «Дастан Групп», «Айс-Плюс», «АРБЗ», «Нектар», «ДАРУ», «Айгерим», «Евразия» медициналық клиникалары, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ, «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Форумның мақсаты түлектер мен мектептер арасындағы белсенді қарым-қатынасқа тарту, курстастармен, достармен және әріптестермен кездесу, бейресми тілдесу мен нетворкинг болып табылады. Шараның форматы аудиторияға заманауи экономика және кәсіпкерліктің дамуы жайлы, ғылым мен білімнің маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Көптеген кәсіби мамандар бірлестігі қызықты сараптамалық пікір алмасуға, жаңа бастамалар мен жобалардың пайда болуына серпін береді. Іс-шараның бағдарламасына сілтеме берілген: http://calendar.177.kz/qr/

Жоғарыда атап өткен мағлұматты ескере отырып, бұл шараны іске асыру мақсатында Сізден ақпараттық қолдау сұраймыз.

 

 

Ақтөбе қ. НЗМ баспасөз-хатшысы
Айгерим Амангосова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.