Home » Tag Archives: білім айнасы (page 84)

Tag Archives: білім айнасы

Динар — Балалар Евровидениесі ұлттық іріктеуінің финалисі

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динар Нәдірбекова ел тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы  Республикалық іріктеуінің финалына шықты.  «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуге  жалпы саны 200 –ге жуық үміткер өтініш білдірген. Алайда негізгі талаптарды ескере отырып, 134 өнерпаздың ғана өтініштері қабылданған. Жуырда ұйымдастырушылар іріктеудің ақтық сынына жолдама алған финалистердің есімдерін ...

Толығырақ »

МҚІСЖҚА мектептер мен балабақшалардың бюджеттерін ашық қолжетімдлікте жариялауды талап етеді

Бүгін МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы, облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен мектеп қамқоршылық кеңестердің белсенді өкілдері қатысты. Агенттік төрағасының орынбасары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы ...

Толығырақ »

М.Әуезовтің көркем образ жасаудағы шеберлігі

Ұлы суреткер М.Әуезов шығармаларының тағылымы  таусылмас қазына екені белгілі. Осы ретте М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі жайында айтылар ойдың көп болмағы да осыдан. 1927 жылы М.Әуезов Қарқара жәрмеңкесінде: «Көп қорлық көрген ел екен. Қарсылық білдірдің деп жазықсыз атып, шауыпты, соны жазайын деп жүрмін» деген. М.Әуезовтің бұл жүрекжарды сөзі С.Қожамқұловтың «Ереуіл төбе» атты естелігінде бар. М.Әуезов тарихтың осы бір қыртысы мол, қалтарысты ...

Толығырақ »

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында курс тыңдаушыларының таныстырылым сөздерін дайындау ерекшеліктері

Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепте неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі талқылаудағы мәселе екенін анық. Кей кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтердің біліктілігін арттыру ...

Толығырақ »

«Адал жол – Честный путь» марафоны қазыналы Қарақия ауданынан Жаңаөзен қаласына табысталды

Айта кету керек, «Адал жол» марафоны сәуір айында Ақтау қаласынан бастау алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара осыған дейін Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарында болып, енді міне Жаңаөзен шаһарына табысталды. Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында өткен шара кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және Қарақия ауданы әкімінің ...

Толығырақ »

Жаңаөзен қарттарының айтары бар

Осыған дейін Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестері мүшелерінің бірінші съезінде және Қарақия аудандық ардагерлер үйінде көтерілген сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бұл жолы Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты. Кезекті кездесудің ардагерлер үйінде өтуі кездейсоқтық емес. Себебі үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарай білген халықпыз. Сол себепті Департамент басшысы Жаңаөзен қаласындағы ардагерлер үйінде болып, қарттармен жүздескенді жөн санады. Басқосуда сөз алған Нұргүл Алмасқызы бүгінде өңірімізде ...

Толығырақ »

Ақмола облысында МӘСҚ жарнаның жалпы соммасы  3,1 млрд теңгеден асты

  2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 тамызы аралығында ақмолалықтар мәндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 3,1 млрд.теңгеден астам қаражат аударған. Олардың ішінде 2,8 млрд. (89,4 % жуығы) жұмыс берушілердің үлесінде болса, 333,6 млн.теңгесі (10,6 % жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық  келісімшарт бойынша  жұмыс істеушілердің үлесі деп хабарлайды «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалы. Жарнадан бөлек міндетті әлеуметтік сақтандыру ...

Толығырақ »

Әзілде де шындық бар

Республикада алғаш рет Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлық тақырыбында көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті.  «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен «Елу жылда — ел жаңа» атты республикалық жайдарман сайысы мұнайшылар қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 6 команда қатысты. Атап айтар болсақ Шымкенттен келген «Байдың балдары», Ақтөбелік «Фемида», Орал өңірінен «Грант», Атыраудан «Сағыз», Маңғыстаудың намысын қорғаған «Боранқұл» және «Өзенмұнайгаз» командалары. ...

Толығырақ »

Ұлтжандылықты ұлықтаған қоңырау өтті

 Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл өз есігін 9 -шы мәрте айқара ашып, білім нәрімен сусындауға құмар талантты оқушыларды тәрбиелемек. Өтпелі кезеңде талай талантты шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырған білім ошағы биыл өз қатарын жаңа буынмен толықтырды. 1 қыркүйек білім күні аясында мектебімізде «Болашақ — білімде» атауымен салтанатты лездеме өткізіп, 7 сыныпқа қабылданған шәкірттерге ерекше құрмет көрсетті. Лездемеде мектеп ...

Толығырақ »

100 бала зияткерлік мектепке қабылданды

Қыркүйектің 1-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты шарада Маңғыстау облысының 100 баласы зияткерлік мектепке қабылданды. Білім ордасы жаңа оқу жылын 650 оқушымен бастады. Салтанатты жиын «Өркен» білім грантын жеңіп алып, зияткерлік мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болған  7-сынып оқушыларының шеруінен бастау алды. Айта кетейік, өткен оқу жылындағы конкурстық іріктеуге Маңғыстау өлкесінен білім гранты үшін ...

Толығырақ »