Home » Tag Archives: білім айнасы (page 47)

Tag Archives: білім айнасы

Білім және ғылым министрі Президенттен эстафета қабылдады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады. Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу. Өз кезегінде Білім және ғылым министрі эстафетаны білім саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерге жолдады. ҚР БҒМ баспасөз қызметі.  

Толығырақ »

Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспораларының балалары келмек

11 шілдеде, сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында шетелдегі оқушы қандастарымыздың қатысуымен іс-шара өтеді. Оның аясында жас меймандар Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә. Рахымжановпен кездесіп, «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін тамашалайды. Жастарға Кітапхананың көрме залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, естелік кітаптар тарту етіледі. «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебінің аясында өтетін іс-шараға Иран, ...

Толығырақ »

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Хан Шатыр» сауда-ойын орталығындағы «Sky Beach Club» бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті. Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс ...

Толығырақ »

«Ұлы даланың жеті қырын» оқығаннан кейінгі ой-толғау

Былтырғы жылы, яғни қарашаның 21 күні еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігі аян. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Н.Ә.Назарбаев ұлттық болмысымызды сақтап, тарихи сананы жаңғырту аясында кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату қажеттігі туралы жазылған. ...

Толығырақ »

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу аса маңызды

«Бала-басты байлығымыз, ал ең асылымыз оның тәрбиесі» Жүсіп Баласағұн   Қазіргі таңда білім беру жүйесінің ең басты міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Тәрбие мен білімнің алғашқы діңгегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды ...

Толығырақ »

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

    Алимханова Индира Кенесбаевна, «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 бөбекжай-бақшасы» логопеді     «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас  ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев Қазіргі кезеңде білім, ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ...

Толығырақ »