Home » Жаңалықтар » БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Хан Шатыр» сауда-ойын орталығындағы «Sky Beach Club» бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті. Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды.

Аталған факті бойынша 2 қылмыстық іс қозғалғандығын айта кеткен жөн. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысына байланысты барлық материалдар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне жіберілді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша және №10 мектеп-гимназиясы директорының қайтыс болған қыз туралы БАҚ-қа берген сұхбатындағы қате айтылған фактілерді ескере отырып, аталған лауазымды тұлғаға және сынып жетекшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабының 1-тармағына сай «Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы» бойынша сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі әкімшілік хаттамалар жасалды. Бүгін мектеп директоры суға кеткен қыздың ата-анасының наразылығын тудырған сұхбат үшін ресми түрде кешірім сұрады.

Жедел әрекет ету үшін 74-25-28 сенім телефоны және  «BALA QORGAY» телеграм чаты істейтінін еске саламыз.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.