Home » Балабақша » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

    Алимханова Индира Кенесбаевна,
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№8 бөбекжай-бақшасы» логопеді

 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас 
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кезеңде білім, ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру — басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Проблемалық оқытудың өзектілігі:

Проблемалық оқыту технологиясының өзекті мәселесі, жаңа стандартқа  көшкен кезде  тәрбиеші  мен баланың рөлі, қарым – қатынас стилі өзгереді. Өз іс – әрекетін бақылап, бағалай алатын  оқу процесінің  белсенді, ойшыл, ізденімпаз қатысушысын тәрбиелеу.

Баланы  оқу мен тәрбиенің белсенді қатысушысын жасау үшін әр түрлі педагогикалық технологияларды қолданып, жаңа жоғары оқу деңгейіне жеткізу.

Тақырыптың мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы балалардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, балаларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
         Балалармен жұмыс жүргізу барысында проблемалық  жағдайды  енгізу  әдісі :

  • Балаларды проблемалық сұрақтарды қою арқылы салыстыра білуге, қорытынды жасай білуге, талдай  білуге  үйрету.
  • Әртүрлі жағдайда кездесетін қандай да бір проблемалардың шешімін  қарастыру.
  • Проблемалық жағдайдағы қарама – қайшылықты жасау.
  • Балалардың практикалық іс әрекетіндегі қарама – қайшылықты ұйымдастыру
  • Балаларға сұрақ-жауап,ойын,логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар арқылы проблема тудырып, шешімін табуға ұмтылдыру.

 

Проблемалық оқытуда балаларға білім беру мен іс –  әрекеттің әдіс – тәсілдері, ережелері мен нұсқаулары  дайын күйде берілмейтінін ескеру қажет. “Бүгін бала бірге жасай алса, ертең ол өз бетімен жасай алады.»

(Л. С. Выготский).

Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технология балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  танымын   қалыптастырып  тұлға ретінде дамуы  үшін  маңызы  зор. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Педагог – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Сондықтан     жаңа    стандарт    негізінде    баланың  танымын қалыптастыру   бағытында  педагогтардың  өз білімі мен  кәсіби деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе. Чарльз Диккенстін сөзімен қорытындылай келе «Өзіміз, өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік».

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.