Home » Жаңалықтар » «Innovation in action!» инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі

«Innovation in action!» инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі

Қазіргі таңда білім беру – жаңа қоғамды құрудың маңызды элементінің бірі және еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың негізгі кілтін құру болып табылады. Заманауи білім берудің негізгі міндеті – бәсекеге қабілетті әлемде жоғары технологиялық өмірге дайын болу, жеке тұлғаның қабілетін ашу.

     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» жедел жоспарына сәйкес 2017 жылғы 9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты «Өрлеу» БАҰО» 5 жылдығына арналған «Innovation in action!» педагогикалық идеялар Фестивалін ұйымдастырды.

Фестивальдің мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Солтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық идеяларды енгізу және тарату.

Фестиваль форматы – инновациялық педагогикалық жобаларды қорғау – секциялық мәжіліс аясында өтті.

Фестиваль қатысушылары: облыстың мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» профессорлық-оқытушылар құрамы, «Ақ көгершін» балабақшасы» МКҚК, «Снежинка» балабақшасы» МКҚК меңгерушілерінен тұратын әділқазы мүшелерімен 31 инновациялық жоба қарастырылды. Фестивальдің белсенді қатысушылары болып Петропавл қ., Шал ақын, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсрепов атындағы, Айыртау, Қызылжар, Тайынша, Ақжар аудандарының педагогикалық қызметкерлері танылды.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат, жеңімпаздарға – бірінші, екінші, үшінші дәрежелі диплом берілді.

Ә. Ширажиева,

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми,

гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.