Home » Мақалалар » Сүйіспеншілікке бөленген форум

Сүйіспеншілікке бөленген форум

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» өзін-өзі тану тренері Истомина Н.С. 2017 жылдың 25-30 қазаны аралығында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығына арналған «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» халықаралық педагогикалық форумының қатысушысы болды.

Қазір бүкіл әлемде рухани-адамгершілік білім беруге басымдылық беріледі және біздің республикада ғана ешқандай баламасы жоқ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бірегей бағдарламасы бар. Форум ізгі педагогика, балаларға деген сүйіспеншілік өмірде негіз болатын ұстаным және кәсіби қызметтің негізі болып табылатын мүдделестерді жинады.

Бағдарламаның авторы Сара Алпысовна Назарбаевамен кездесу толқулы сәт болды, өйткені «Бөбек» ҰҒПБСО мерейлі тойымен құттықтауға сыйлы қонақтар келді: білім министрі Е.К. Сағадиев, Алматы қаласының әкімі Байбек Б.К., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары  Г.И. Исимбаева, Қазақстандағы (ЮНИСЕФ) БҰҰ балалар қорының өкілі Оксамитный Ю.В., сонымен қатар рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерімен айналысатын Қазақстан ғалымдары мен әлемнің түрлі елдерінен өкілдер келді.

Форум жұмысының бес күнінің барысында жақсы кездесулер, қызықты идеялар, күлкі мен жағымды эмоциялар толастамады.

Ізгілік педагогикасының тірі аңызы, атақты педагог Ш. А. Амонашливидің рухани-адамгершілік тәрбие бойынша жұмыс тәжірибесінен шеберлік сыныбы ұмытылмастай болды. Бангкокте жақсы мектебі бар Таиландтан келген ғалым-педагог Арт Онг Ждумсаидің баяндамасына қызығушылық мол болды.

Түрлі елдерден келген педагогтер рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: Жалпы адами құндылық Европа институтының директоры Мейер М. (Германия), Жалпы адами құндылық Европа институтының қызметкері Петра фон Калиновски (Дания), педагогика ғылымдарының докторы Дерижан И. (Болгария), Ізгілік педагогикасының халықаралық педагогика президенті Амонашвили П.Ш. (Грузия), Ресей Білім академиясының корреспондент-мүшесі Маллаев Д.М. (Дағыстан), психолог-кеңесші Могилевская А.П. (Ресей), педагогикалық білім берудің халықаралық ғылым академиясы президенті Артамонова Е.И. (Ресей), Білім беру институтының бөлім меңгерушісі Бейларов Э. (Азербайджан), «Ата-ана қамқорлығы» халықаралық қозғалыс президенті Мансурова К.Ш., білім беру технологиясын дамыту институтының ректоры Новикова Г.П. (Ресей).

Форумға қатысушылардың барлығы бір пікірде болды: жалпы адами құндылықтар адам өмірінің және оның болашағының негізі, ал өзін-өзі тану оның соңғы мақсаты болып табылады.

Әлем педагогикасы мен мәдениеті жағдайында педагогтің басты кәсіби сапасы сүйіспеншілік үшін жүректі ашатын рухани-адамгершілік құндылықтарды қайта өркендету болсыншы.

 

Истомина Н.С.

Қостанай қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.