Home » Ашық сабақтар » Christmas мерекенің дәстүрлерімен танысайық

Christmas мерекенің дәстүрлерімен танысайық

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатына жету үшін шет тілін оқыту үрдісінде балаларды фольклормен, салт-дәстүрлермен, мерекелермен таныстыру маңызды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының негізінде өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметінінің үлгісін ұсынамын.

Мақсаты: ағылшын елінің мерекелік дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың сөздік қорын молайту; дыбыс айту дағдыларын дамыту; ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

“We Wish You a Merry Christmas” әнінің әуенімен балалар тақырыпқа сай безендірілген ағылшын тілі бөлмесіне кіреді. “Good morning” сәлемдесу әнін үш тілде орындайды. Кіріспе әңгіме:

Teacher: Қазақ елінде жыл басы деп қай жыл мезгілі саналады?

Children: Көктем.

Teacher: Көктемде, Наурыз мерекесінде балаларға кім қонаққа келеді? Children: Қыдыр баба келеді.

Teacher: Балалар, ал ағылшын елінде Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде келеді?

Children: Қыста.

Teacher: Ағылшын елінде балаларға сыйлықтарды кім әкеледі?

Children: Санта Клаус.

Teacher: Балалар, Santa Claus Жаңа жыл мерекесінен бір апта бұрын келеді, желтоқсан айының 25-сі күні Christmas мерекесіне. Ал, Dave and Eva балалар туралы мультфильм көрейік. Video “We Wish you a Merry Christmas” Christmas carol and Christmas song from Dave and Eva 00:19-02:13

Teacher: Christmas мерекенің дәстүрлерімен танысайық.

PPT слайд-презентация «Merry Christmas”, “We Wish You a Merry Christmas” әннің әуенінің сүйемелдеуімен.

Слайд-презентация бойынша әңгіме:

Слайд 1-2. December, 25-ші желтоқсан – Ұлыбританияда ең атақты мереке күні – Christmas. Бұл – отбасылық мереке. Туыстар мен достар бір-біріне сыйлықтар береді.

Слайд 3-5. Мерекеге орай әр үй әдемі безендіріледі. Holly , ivy, mistletoe өсімдіктерді кіреберіс есікке іліп қояды.

Слайд 6. Juniper wreaths with candles аршадан жасалған гүлтізбеде шырақтар жағылады.

Слайд 7. Christmas tree шыршаларын көшелерге, ғимараттарға, шіркеулерге және әр үйге қояды. Christmas tree шыршасына ойыншықтар мен тәттілерді іледі.

Слайд 8. Christmas log бөренені ошаққа салады, ошақтағы — от отбасындағы адамдарды жамандықтан қорғайды деп саналады.

Слайд 9. Christingle апельсиннен жасалады: ортасына шырақ қойылады, қызыл таспа байланады және жемістер, жаңғақтар, тәттілер қосылады.

Слайд 10. Сandy cane карамель кәмпит таяқшаларын – мереке символдарының бірін ата-аналар балаларға сыйлайды.

Слайд 11. Christmas carols – арнайы мерекелік әндерін шіркеулерде және үйде отбасымен орындайды.

Слайд 12. Christmas мереке алдында балалар үйдегі ошаққа Christmas stockings   арнайы шұлықтарын іліп қояды.

Слайд 13. Santa Claus сыйлықтарды Christmas stockings ішіне салады, ал егер бала жыл бойы бұзық болса немесе біреуді ренжітсе, сыйлық орнына көмір бөлшегін салады.

Слайд 14. Балалар Santa Claus-тың сыйлықтарына алғыс ретінде Cookies for Santa деген тәттілер дайындайды.

Слайд 15. Christmas presents сыйлықтар Christmas tree шырша жанына қойылады және мереке күні отбасындағы балалар мен үлкендер оларды ашып, бір-біріне сыйлайды.

Слайд 16. Christmas cards құттықтау ашық хаттар мерекенің тағы бір символы.

Слайд 17-18. Christmas dinner мерекелік дастарқанына бүкіл отбасы жиналады. Қуырылған күркетауық turkey еті, тәтті Christmas pudding және тәтті Christmas cake дайындалады.

Teacher: Балалар, «We wish you a Merry Christmas” және “Jingle Bells”- бұл ең танымал Christmas carols әндері. Караоке көмегімен, ағылшын тілінде “Jingle Bells” әнін бірге шырқайық. Video Super Simple Learning “Jingle Bells”. 02:40

Teacher: Merry Christmas! Happy New Year! Goodbye, children!

Балалар “Jingle Bells” әні әуенімен шығып кетеді.

Кабиденова Айгуль Бахытовна,

«Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК,

жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі,

Павлодар облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.