Home » Жаңалықтар » Оқу мазмұны жаңартылады

Оқу мазмұны жаңартылады

     Таяуда республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының аға сарапшысы        Ж.Б. Бликованың қатысуымен Павлодар облысындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өтті.

Алқалы отырыста «2017-2018 оқу жылында облыс мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру» мәселесі қарастырылды. Жұмыс барысында қатысушылар түрлі тақырыптар, бір аптаға арналған циклограмма, балалардың даму деңгейін және дағдылардың қалыптастырылуын бақылау жоспарларын құру бойынша тұшымды кеңес алды.

Айгүл Молдаш,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.