Home » Ашық сабақтар » Қазақ әдебиеті сабағынан қысқа мерзімді жоспар

Қазақ әдебиеті сабағынан қысқа мерзімді жоспар

         Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады жəне сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақ – табысты сабақтың алғышарттарының бірі. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?

— Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);

— Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);

— Оқу материалының мазмұнын саралау;

— Оқыту əдістері мен тəсілдерін таңдау;

— Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау;

— Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау;

— Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау;

— Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу;

— Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т.б.

Мұғалім əрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың əдіс-тəсілдеріне мəн беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен оқушының атқаратын қызметі мен іс-əрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-əрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің жəне оқушыларының орындайтын əрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта оқушылардың əрекеті танымдық, коммуникативтік жəне өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады.

Сабақтың əдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу əдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына əсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, оқушылардың жеке жəне жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мəселелерді басты назарға алу керек. Белсенді оқытудың мəні – оқу үдерісі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында.

Қазіргі кезде белсенді сабақ ұйымдастыруда Дэвид А. Колб (David Kolb) ұсынған келесі схема кеңінен қолданыс табуда:

  1. Уəж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру жəне жаңа тақырыпты жариялау – сабақ уақытының 10 % үлесі
  2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі
  3. Жаңа материалды игеру — сабақ уақытының 50 % үлесі
  4. Бағалау – сабақтың 10 % үлесі
  5. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) — сабақтың 10 % үлесі.

Үлгі ретінде бесінші сынып әдебиет сабағынан қысқа мерзімді жоспарды ұсынып отырмын.

Касаинова Айсұлу Амангельдиновна

КМҚК «Облыстық балалар шипажайы»

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.