Home » Author Archives: admin admin (page 810)

Author Archives: admin admin

КІРІКТІРІЛГЕН  ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселесі әлі де өзекті болып табылады. Оқушыларға жүктемені азайтатын және олардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін үй тапсырмасының жаңа түрлерін іздестіру маңызды. Мұғалімдер «1-сынып оқушыларына үй тапсырмаларын тапсыруға және қандай тапсырма беруге болады?, үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың дамуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек?, сабақ үстінде үй тапсырмасын тексеру қажет пе ...

Толығырақ »

Біз қалайтын болашақ үлгісі: Жаһандық бастама 2019

2019 жылдың 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы Нью-Йорк қаласында өткен Future We Want Model: A Global Initiative 2019 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл конференция Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Италияның Дипломатиялық Академиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Әлемнің 136 елінен келген делегаттар үшін барлық 17 тұрақты даму мақсаттарына арналған конференция болып табылды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ...

Толығырақ »

Тәжірибе алмасқан келелі кездесу болды

Жуырда Ақтөбе  қаласында өткен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамыту перспективалары мен мәселелері» атты тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ІІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып қайттық. Еліміздің түкпір-түкпірінен педагогтар бас қосқан конференция жұмысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өтті. Жиынды «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл басқосуға менімен ...

Толығырақ »

Желілік қауымдастықтың жүйелі жұмысы

  Оралдық мектептердегі «Өркен» желілік қауымдастығы жалпы жеті мектепті қамтиды. Наурыздың бесі күні қалалық семинарда бас қосқан мектеп директорлары мен қосымша білім беру ұйымдары басшылары аталмыш жобаның нәтижелі жұмыстарына куә болды. Орал қалалық білім беру бөлімі мен «Өркен» желілік қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған жиын «Мектеп басшысы – өзгеріс енгізудің тетігі» деген атаумен шаһардағы №5 орта мектеп базасында өтті. Семинарға қатысқан Батыс ...

Толығырақ »

Әр күнін жоспарлай білетін жас маман

Абзал Есенғазиев – Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқытушысы. Әр күнін тиімді өткізуге тырысатын жас ұстаз – шәкірттеріне үлгі болуға тырысады.    Кейіпкеріміз бұл мамандыққа үлкен мақсатпен келген екен. – Бұл ұстаздық мамандықты таңдау себебім – өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттер қалыптастырып,сана-сезіміне ұлттық дүниетанымымызды сіңдіріп,еліне қызмет ететін адал тұлға тәрбиелеу. Осы жолды бірден-бір төте ...

Толығырақ »

Бүлдіршендер табиғатты аялауға шақырады

Экологиялық тәрбие беру, бұл баланың өмірге деген құрметін арттыру, қоршаған ортаға деген түсініктерін қалыптастыру. Бізді қоршаған орта, дәлірек айтқанда, адамның қолынан жаратылмаған бөлігі-табиғат. Ол күн, су, ауа, аспан, жануарлар, өсімдіктер және адамдар. Табиғат жайындағы қарапайым білім түрлерін меңгертіп, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстарымен жалпылама ұғымдарды нақты түсініктермен ұғындыру. Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған өзекті мәселе ол -экология саласы. Экологиялық тәрбие ...

Толығырақ »

  Ұлы дала ұрпақтары

«Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақалы өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік.  Сол білімді қажетке,  тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай,  қиын күрделі,  орасан қажыр қайрат ...

Толығырақ »

ӘЖЕ ӨНЕГЕСІ

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 орта мектебінің 5 «ж» сыныбында «Әже өнегесі» тақырыбында өнеге сағаты өтті. Өнеге сағатымызға 5 «ж» сыныбының әжелері қонақ ретінде шақырылды. Кешімізге  Бақыткүл Түгелбаевна, Бибіжар Оразалықызы, Айжамал Арыстанқызы қонаққа келіп өздерінің келелі әңгімелерімен жалғастырды. Кездесу түрінде өткен өнеге сағатымыздың мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың ...

Толығырақ »

«Мен театрды сүйемін» (отбасылық сайыс)

Отбасы және мектепке дейінгі білім беру ұйымы — балаларға әлеуметтенудің екі маңызды мекемесі. Олардың тәрбиелік функциялары әр түрлі, бірақ баланың толыққанды дамуы үшін олардың өзара әрекеттесуі қажет. Бұл қарым-қатынастардың жаңалығы «ынтымақтастық», «өзара әрекеттестік», «серіктестік» ұғымымен анықталады.   Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса, ағашымыз жемісін беретіні секілді, отбасында балаларымызға қамқор болумен бірге, өзара қолдау көрсетіп, олардың ...

Толығырақ »