Home » Мақалалар » КІРІКТІРІЛГЕН  ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ

КІРІКТІРІЛГЕН  ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселесі әлі де өзекті болып табылады. Оқушыларға жүктемені азайтатын және олардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін үй тапсырмасының жаңа түрлерін іздестіру маңызды. Мұғалімдер «1-сынып оқушыларына үй тапсырмаларын тапсыруға және қандай тапсырма беруге болады?, үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың дамуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек?, сабақ үстінде үй тапсырмасын тексеру қажет пе және қандай тәсілдер арқылы тексеру керек?» деген сұрақтардың жауаптары қызықтырады.

Оқыту тәсілдерінің өзгеруіне байланысты үй тапсырмаларын ұйымдастыру мен орындау әдістемесі де өзгереді. Үй тапсырмасының маңыздылығына оқушылардың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау, ішкі қызығушылықтары мен жеке дамуын ынталандыру ретінде назар аударылады. Үй тапсырмасын орындау барысында тұлғаға-бағдарланған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау және саралау тәсілдерін қолдану өзекті болып табылады. Екпін үй тапсырмасының репродуктивтік сипатынан алынып тасталады, яғни әр түрлі үй тапсырмаларын, мысалы сараланған, шығармашылық және кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану белсенділігі артады.

Мұғалімнің дайындығы үй тапсырмасы тиімділігінің басты шарты болып қала береді: оқушылардың қалаулары мен жеке бейімділігін ескере отырып және қызығушылықтарын дамыту мен оқытуға деген ынталарын, оқу іс-әрекетін жақсарту құралы ретінде әртүрлі үй тапсырмаларын құрастыру білігі.

Үй тапсырмасы туралы дәстүрлі қалыптасқан түсінік сыныпта ұйымдастырылған оқу үрдісінің жалғасы және құрамдас бөлігі болып табылады:

  1. сабақта алынған білім мен дағдыларды кеңейту және тереңдету, олардың ұмытылуына жол бермеу, жеке бейімділікті және қабілеттерін дамыту мақсаты болып табылатын оқу үрдісінің құрамдас бөлігі.
  2. мұғалім оқушының сабақта алған білімін, сөйлеу дағдысын, білігін бекітуге және тереңдету мақсатында ұйымдастыратын өзіндік жұмыс формасы және кейде оқу материалдарының бағдарламалары анықталған танымдық тапсырмаларды дербес шешуге арналған.
  3. сабақта алынған бағдарламалық білімі мен дағдыларын кешенді түрде қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының процессі.

Үй тапсырмасының заманауи түсінігі кеңейтіліп, оған жаңа функциялар қосылды: бұл білім алушының оқу материалын бекіту және тереңірек игеру, сондай-ақ оны практикада қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту және білім, білігі мен дағдыларын жетілдіру.

Әртүрлі оқыту мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін үй тапсырмаларының ауқымы жеткілікті кең :

  • сабақта меңгерілген материалды қайталау, бекіту;
  • тапсырмаларды өздігінен орындау барысында оқушылардың белгілі бір дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру;
  • оқушының дербестігін дамыту, оның табандылығы және орындалатын оқу тапсырмалары үшін жауапкершілігі;
  • оқушылардың ұйымдастырушылық және уақытты басқару дағдыларын дамыту;
  • жаңа тапсырмаларды мектепте мұғалімнің жетекшілігімен орындау үшін теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуде белгілі бір білімді меңгеру;
  • берілген пән бойынша тақырыптағы бағдарламалық материалдардан тыс, бірақ жеке оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін көлемде жеке теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ойлау мен іс-әрекеттерді дамыту;
  • оқушының ұзақ ауруына байланысты қалыптаспаған жағдайда баланың білімі мен дағдыларын теңестіру;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығы мен уәжін ынталандыру;
  • сабақта жаңа тақырыпты меңгеру негізінде оқу материалдарын жинау.

Үй тапсырмасының ұзақтығы гигиеналық талаптарға сай болу үшін: 2-ші сыныпта – 50 минуттан, 3-4 сыныптарда – 70 минуттан аспайтын тапсырмалардың көлемін қатаң реттеу және басқа пәндер бойынша тапсырмалары бар бір пән бойынша үй тапсырмасы үйлестіріледі.

Үй тапсырмасын ұйымдастырғанда келесілерге жол бермеу:

  • жаңа тақырып бойынша сабата аяқталмаған тапсырманы толықтыруға және оған арналған жаттығуларды талап ететін үй тапсырмасын орындауға;
  • оқушыға мазмұны және орындалу тәсілі таныс емес тапсырмаларды орындауға;
  • үй тапсырмасын жазалау ретінде пайдалануға (әріптерді жаза беруге, адамгершілікке тәрбиелеу сипатындағы мәтіндерді көшіре беруге немесе есте сақтауға т.б.);
  • оқушыға қиындық тудыратын үй тапсырмасын ата-анасының көмегімен орындайтына сеніп тапсыруға;
  1. Оқушылардың шамадан тыс мөлшерде үй тапсырмасын орындамауын ескеру: орындалуына көп уақытты қажет ететін механикалық жұмыстарға арналған тапсырмаларды алып тастау, оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалармен аламсытыру (жоспарлау, уақытты ұтымды пайдалану, өзін-өзі бақылау).
  2. Кейбір оқушылардың үй тапсырмасын орындай алмайтыны үшін жазаламай, көмектесу мүмкіндігін ескеру керек.
  3. Үй тапсырмасын орындауға қатысты негізгі гигиеналық талаптармен оқушылардың ата-аналарын таныстыру: жұмыс орнын ұйымдастыру, орындау тәртібі мен ұзақтығын.
  4. Үй тапсырмасын сабақ барысында арнайы тексермей, сабақтың басы «ширату» жаттығуы ретінде іске асыруға болады.

Кіріктірілген үй тапсырмасы – шығармашылық және өмірлік сипатқа ие, оқушылардың мүдделерін қанағаттандыруға және қабілеттерін анықтауға бағытталған өмірлік проблемаларды шешуді қамтитын, пәнаралық байланыстарын пайдалануға негізделген үй тапсырмасы.

Кіріктірілген үй тапсырмалары үшін келесі талаптарды анықтауға мүмкіндік береді:

  1. тоқсанына 2-3 реттен аспайтын мөлшерде беру;
  2. кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеу үшін 2-3 пәннің оқу мақсаттарын кіріктіру;
  3. тапсырманы орындау мерземі 1 аптадан 1 айға дейін.

Бастауыш сынып пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары пәндердің кіріктірілуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, олар «шиыршық» қағидасына негізделеді, соған сәйкес әр оқу мақсаты және белгілі бір академиялық кезеңнен кейінгі әрбір тақырып біртіндеп тереңдете отырып, күрделене түседі және білім мен дағдылардың көлемін арттырады.

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану нәтижелері бойынша ұсынылады [3]:

  1. Оқушылардың жүктемесін қысқарту үшін үй тапсырмасын кіріктіру
  2. Кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеуду:
  • таңдалған пәндердің әрқайсысының бағдарлама материалдары мен оқу мақсаттарынан шығуы;
  • пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келетін тиісті тәсілдерді қолдануға және оқу мақсаттарына жетуге үлес қосуға;
  • сабақта орындалаған тапсырмалардың қайталануын болдырмау;
  • саралау мүмкіндіктерін қарастыру.
  1. Оқушылардан көп уақыт пен күшті талап етпейтін үй тапсырмаларын әзірлеу.
  2. Тексеруден кейін оқушыларға өз уақытында және сапалы кері байланыс ұсыну.

Кіріктірілген үй тапсырмасы өмір жайлы көзқарасын жүйелеуге және кең ауқымды дағдыларды дамытуды қажет етеді. Әр түрлі үй тапсырмасының біріктірілуі, механикалық есте сақтаудан бас тарту, типтік жағдайларды қайталау, үлгі бойынша стандартты іс-әрекеттер, көптеген тапсырмалар мен балалардың мүдделеріне бағдарлау және олардың денсаулығын сақтау – бұл заманау мектептің үй тапсырмасына қойылатын талаптары болып табылады.

 

 

Шадетова Алтынгүл Кенесовна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
мектепке дейінгі тәрбие және
бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.