Home » Жаңалықтар »   Ұлы дала ұрпақтары

  Ұлы дала ұрпақтары

«Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақалы өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік.  Сол білімді қажетке,  тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай,  қиын күрделі,  орасан қажыр қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»,   -деп атап өткен Елбасымыз. Елбасымыз осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Білім саласын да назардан тыс қалдырмай, оқушыларға сапалы білім беру жолдарын қарастырған.                      

Расул Исетов атындағы №20 жалпы орта мектепте де осындай ауыз толтырып айтатын жетістіктермен , жүлделі орындар иеленіп жатқан оқушыларымыз жетерлік. Атап айтар болсақ,  қаламыздағы Мәдениет сарайында 02.03.2019 жылы «Атадан мұра» қоры бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары»  өнер мен білім байқауы болып  өтті. Байқаудың жанрлары мен қатысу шарттарын негізге ала отырып, мектебімізден  бірнеше оқушылар қатысып, өз бағын сынап көрді.

Көркем сөзді көңілден орын аларлықтай орындап,көркемсөз жанры бойынша  2 «з» сынып оқушысы А. Жумадуллаева бас жүлдені иеленді,            7 «г» сынып оқушысы  З. Исаханова ІІ орын, 7 «г» сынып оқушысы Д. Абдумуталипова  алғыс хатпен марапатталды (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шахиста Умарова ) .   Осы жанр бойынша 4 «ж»  сынып оқушысы С. Исматуллаева   бас жүлдені иеленді,  4 «ж» сынып оқушысы С. Асанова І орынмен марапатталды (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Феруза Мухитдинова ) . Аталмыш  жанр бойынша     5 «б» сынып оқушысы Д. Жолдыбай  бас жүлделі,  2 «з» сынып оқушысы     Ж. Янгибаева І орынды иеленді (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дилноза Юнусова ) . Жоғарыдағы жанр бойынша 3 «ж» сынып оқушысы З. Хусанова І орын, 6 «ж» сынып оқушылары Ж. Тахиров пен С. Хурсандбекова ІІ орынға ие болды. (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулметова Гулмира ) .  Осы бағыт бойынша  6 «д» сынып оқушысы  С. Абдужаппарова І орынды иеленді. (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Досыбекова) . Жоғарыдағы  жанр бойынша  7 «б» сынып оқушысы М. Маккамбаева ІІ орынға қол жеткізді (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Ермаханова ) .  Дәл осы жанр бойынша 2 «з» сынып оқушысы  Ю. Турсинматов бас жүлде,  6 «д» сынып оқушысы М. Ахметжанова ІІ орын,  6 «ж» сынып оқушысы М. Каримова  ІІ орын,  6 «в» сынып оқушысы С. Рисматова І орынды иемденді. Ал,  вокал жанры бойынша әсем әнді нақшына келтіріп орындаған 2 «з» сынып оқушысы Садуллаева Фарангиз  өз бағын сынап,  бас жүлдені қанжығасына байлады. (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Худайбергенова Саодат) . Дәл осы вокал жанры бойынша өнер көрсеткен   3 «е» сынып оқушысы Охун Усман бас жүлде иегері атанды. (жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Муқаддас Мамметова ).

«Мұғалімнің оқушы өресіне, қарым-қабілетіне шақтап білім беруі  оның біліктілігінің көрінісі. Сондықтан,  әр бала бір жұлдыз,  жарқырауға жәрдем бер» дей келе, жоғарыда аты-жөндері аталып өткен жетекші мұғалімдеріміз ІІ Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары»  байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Бас жүлдені алған жүлдегерлер, яғни вокал жанры бойынша О. Усман,  Ф. Садуллаева,  көркемсөз жанры бойынша А. Жумадуллаева , Д. Жолдыбай,  С. Исматуллаевалар алдағы жылдың шілде айында Алматы қаласында өтетін  суперфиналға жолдама алды. Сонымен қатар,  шет мемлекеттерде өтетін байқауға жолдама алып, қордың атынан жеңілдікпен қатыса алады. Байқауға 5 оқушы қатыстырғаны үшін Атадан-мұра қоғамдық қоры тарапынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саодат Худайбергенова «Үздік жетекші» төсбелгісімен марапатталды.   Бүгінде Түркістанмен қоштасып, Алматыға ұшқалы жатқан шәкірттеріміздің өміріне сәттілік, жеміспен оралуларын тілейміз! Мектебіміз мақтанышы болған оқушыларымызға алдағы байқауда  да сәттілік тілеп, бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

 

Дилноза Батырбайқызы Жуманова

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Р. Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.