23 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мүшелері Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті. Екі тарап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін платформа құру туралы өзара келісті. Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, сондай-ақ, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасы Президентінің ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Лагерьде өткен танымдық кездесу
Жастар жылының аясында Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер жазғы демалыс лагерінде өткен танымдық кездесу қазақтың дәстүрлі ән өнеріне арналды. Бұл күнгі сырлы сұқбатымыздың қонағы Қазталов ауданының тумасы, Ақпәтер ауылының дарынды ұлы, термеші әрі әнші Бауыржан Меңдешұлы болды. Батыс жұртына танылып келе жатқан жас өнерпаздың өмір жолы мен өнер жолы біздің әңгімемізге арқау болды. Қазақтың қара домбырасын арқалап, төл өнерімізді насихаттап жүрген ...
Толығырақ »Тимур Бектұр: Экспо — білім мен тәжірибе алаңына айналмақ!
Нұр-Сұлтан қаласында бұрын-соңды болмаған IT университет өз жұмысын бастады. Осыған орай танымал IT маманы, блогер, интернет-маркетолог Тимур Бектұрмен сұхбаттасқан едік. — Армысыз Тимур мырза! Тұсауы кесілейін деп тұрған білім ордасы туралы әңгіменің әлқиссасын бастап берсеңіз! — Армысыздар! Астана IT университеті қыркүйек айынан бастап өзінің алғашқы түлектерін қабылдауды бастайды. Бұл- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ...
Толығырақ »А.Қ.Аймағамбетов ХХХ жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті
22 шілде күні ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадада xалықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерген спортшыларға алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне (Ғалымжан Джегельдиев, Олег Почивалов) Алғыс хаттар табыс етті. — ...
Толығырақ »Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Ақтау қаласында ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Ақтау қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебін ұйымдастырды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев, «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян, спикерлер ретінде БҰҰ Қазақстандағы даму ...
Толығырақ »АРЫС: «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» ҰЖЫМЫ 400-ДЕН АСТАМ БАЛАНЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ
Бүгін Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, 400-ден астам арыстық оқушыға мектеп жабдықтары мен киім-кешек сатып әперді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтың бастамасымен арнайы өкілдерін жіберген атыраулық мұнайшылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларын қуантып, Арыс жұртшылығымен бірге ...
Толығырақ »АРЫСТА 1870 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жалпы Арыс қаласында жеке ...
Толығырақ »Бала тәрбиесі отбасынан басталады
Күнделікті жағдайда әке-шеше тәрбиесі мәңгілік таусылмайтын тақырыптардың бірі. Кейбір ата-аналар тұрмыстың қарбаластығы себебінен баланы тәрбиелеуге немқұрайлы қарап қалатын жағдайлары болады. Ата-ана әр күні он минут уақытын шығарып балаларымен бірге болса болғаны өз ұрпағын жақсы тәрбиелеп кете алады. Бүгін біз осы он минут уақыт үстінде тоқтала кетуді жөн көрдік. Баланы бір минут жоғары көтеру Әр күні балаңызды бір минут биік көтеріңіз. ...
Толығырақ »Асан қайғының айтқандары
Белгілі ақын, жырау, философ, әрі мемлекет қайраткері, халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлының түрлі тақырыптардағы нақыл сөздері. * Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа. * Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға, Мойнын бұрып сөз айтпас, көңілі қалған аразға. * Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа, Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа. * Еділ бол да, Жайық бол ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе ...
Толығырақ »АРЫСТЫҚ 250 БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТӨЛЕБИДЕ ӨТКІЗЕДI
Астанадағы Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осы шілде айында Арыстағы жарылыстан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескере отырып, мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғы демалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды. Шараның мақсаты – 30 күндік мерзім ішінде мектеп оқушылары онда жай демалып қана қоймай бос уақытын тиімді пайдаланып, ...
Толығырақ »