Home » Біле жүріңіз » Асан қайғының айтқандары

Асан қайғының айтқандары

Белгілі ақын, жырау, философ, әрі мемлекет қайраткері, халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлының түрлі тақырыптардағы нақыл сөздері.

* Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

* Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға, Мойнын бұрып сөз айтпас, көңілі қалған аразға.

* Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа.

* Еділ бол да, Жайық бол ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе жаныңды аяп тұрыспа.

* Бұ заманда не ғаріп – ақ қалалы боз ғаріп, Жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

* Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі – өткен істі қумаса.

* Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

* Ғылымның қандай пайдасы білместі жолға салмаса.

* Ақың болса біреуде – айыбын тап та ала бер, ерегісіп ұрыспа: сенікі жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

* Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, Қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, Санасы жоқ жамаңдар ел қадірін не білсін.

* Арғымағың жамандап – тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап – сұңқар қайдан табарсың.

* Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар, Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

* Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.

* Ойыл деген – ойың-ды, Отын тапсаң – тойың-ды.

* Көшіп-қонып көрмеген – Жер қадірін не білсін. Ақылына көнбеген – Жұрт қадірін не білсін.

* «Атадан алтау тудым», – деп асқынып жауап айтпаңыз, «Атамның малы көп-ті» – деп атты басқа тартпаңыз.

* Ашу – дұшпан: есептесіп қуыспа, түсіп кетсең қайтесің, түбі терең қуысқа.

* Көлдің суын жамандап – Еділ қайдан табарсың, Әкіміңді жамандап – әділ қайдан табарсың, Жасығыңды жамандап – асыл қайдан табарсың.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.