Home » Author Archives: admin admin (page 583)

Author Archives: admin admin

Туған жерде түлектерін ұшырып…

Ұстаздық қызметке араласып, туған жерінің өскелең ұрпағының бойына білім мен тәрбиенің нәрін қатар сеуіп жүрген Райхан Мақсотқызының шәкірттері талай бәйгеде топ жарып, зерделі шәкірттердің қатарын көбейтуде. Әңгімені әріден қозғасақ, кейіпкеріміз Райхан Еламанова өзінің алғашқы еңбек жолын 1994 жылы мектепте тәлімгер және әдеп пәнінің мұғалімі болып бастаған екен. Оралдағы іргелі оқу орындарының бірі – қазіргі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ...

Толығырақ »

Елін сүйген Елбасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Тіл дамыту, Жапсыру. Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық» Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Балаларға отанын, туған жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, видео ролик, суреттер. — Сәлеметсіңдер ме, балалар! — Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық. Балалар екі топқа бөлінеді: 1-топ Астана 2-топ Бәйтерек — ...

Толығырақ »

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТТЫҢ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АВТОРИЗАЦИЯ АЛДЫ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына Халықаралық бакалавриат ұйымының бас кеңсесі орналасқан Швейцарияның Женева қаласынан қуанышты жаңалық келіп жетті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп»  Халықаралық бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы бойынша авторизация алды. Соңғы екі жыл көлемінде мектеп қауымдастығының барлық мүшелері біріге отырып, дайындық процесін жүргізді. 2019 жылдың 21-22 қарашасында Халықаралық бакалавриат өкілдері мектепке арнайы сапармен келді. Сапар ...

Толығырақ »

Назарбаев зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйақысы табысталды

Қытайлық Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды. Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды. Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға ...

Толығырақ »

Мен сені сүйем өмір……

Түрлі тауқыметті тартып, қиын жағдайды бастан кешіріп жатқан қаншама жандар бар?! Әсіресе сәбиінің аурудан қиналғанын көрген ана жүрегінің мұңы…. Көмекке мұқтаж жанға кездессең жарқын бейнесі, өмірге деген құштарлығы жаныңа қуат береді… Талпынысы талаптандырып бойыңа күш қуат,  рух  сыйлайды. Өмірдің бергеніне шүкірлік ете алмай жүрген жаныңа тыныштық ұялайды. Қарашаның соңғы жұмасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №32 «Балдәурен» балабақшасында өткен дәстүрлі  қайырымдылық шарасынан  осыларды ...

Толығырақ »

STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы

 «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында «Жас ұрпақ» жастар бастамалары орталығы ұйымдастырған «STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы» атты жас педагогтардың облыстық форумы өтті. Форум Қазақстандағы жастар жылына және алдағы волонтер жылына арналған. Форумның негізгі мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды анықтауға, қолдауға және ілгерілетуге, олардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашуға, кәсіби қалыптасу үшін жағдай жасауға бағытталған. Форум барысында жас педагогтардың ...

Толығырақ »

Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі

Балабақшалар арасындағы түрлі  семинарларға куә болып жүрсек те,  ұлттық ойынымыз асықпен ойналатын  түрлі ойын түрлерін насихаттап келе жатқан  бірден бір білім ордасы №48 «Ақкөгершін» балабақшасы. Өткен жылы «Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі» тақырыбында өткен қалалық семинар биылғы жылы балабақша меңгерушісі Сәбиева Ұлжан Әбенқызының бастамасымен Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Рухани ордада  өткен басқосуға жиналған педагогтардың қатары көп болды. Өткен ...

Толығырақ »

Ұлттық аспаппен ұрпақ тәрбиелей білген ұлағатты ұжым

Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқулығының бірінен  жазушы Кеңес Оразбекұлының домбыра жайлы жазған шығармасынан алынған үзіндіні ұлыммен бірге оқып отырып, тамаша бір ойға қалған едім. Онда кәдімгі домбыраны сазгер-әншілер тартқан кезде қандай жарасымды әуен шығарады! Құлақ құрышыңды қандырып тыңдай бергің келеді. Домбыраның қос ішегіндей, адамдар арасындағы достық та жарасымды. Өзіңе шын берілген сырлас, пікірлес, қайырымды, адал достарың көп болса, сенен ...

Толығырақ »

Инклюзивті білім беруде дарынды балалармен жұмыстағы оқу-тәрбие үдерісін жүйелеу және жандандыру

Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын  психиканың жүйелі сапасы. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың  алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі. Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен ...

Толығырақ »