Home » Жаңалықтар » STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы

STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы


 «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында «Жас ұрпақ» жастар бастамалары орталығы ұйымдастырған «STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы» атты жас педагогтардың облыстық форумы өтті. Форум Қазақстандағы жастар жылына және алдағы волонтер жылына арналған.

Форумның негізгі мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды анықтауға, қолдауға және ілгерілетуге, олардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашуға, кәсіби қалыптасу үшін жағдай жасауға бағытталған.

Форум барысында жас педагогтардың алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас педагогтың негізгі құзыреттілігін өзектендіру;
  • әмбебап алаң форматында педагогтардың тиімді кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыру;
  • әлеуметтік маңызы бар Startup-жобаларды көрсету;
  • XXI ғасыр жас педагогының стратегиялық дағдыларын насихаттау.

             Форумға қатысушылар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда үлкен дайындықпен келгені көрінді. Дегенмен өңірлік білім беру мекемелеріндегі жас мамандарда есесін ешкімге бермеді. Атап айтар болсақ, презентациялық және диалогтық алаңдарды өткізу жас педагогтың даму стратегиясын анықтауға және облыстық білім беру жүйесінің әлеуметтік маңызды институттармен байланысын кеңейтуге, СҚО әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, СҚО Кәсіпкерлер палатасы, БАҚ, бизнес-құрылымдар сияқты мекемелер өз септігін тигізді. Спикерлер ретінде облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі: Оқушылар сарайы, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Шал ақын ауданының Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектептерінен келген ұстаздар қауымы қаруланған білімдерін жұртшылық алдында көрсете   білді.

Форум соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

А.Турсунбеков, «Жас ұрпақ» жастар

бастамалары орталығының президенті,

СҚО

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.