Home » Мақалалар » НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТТЫҢ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АВТОРИЗАЦИЯ АЛДЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТТЫҢ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АВТОРИЗАЦИЯ АЛДЫ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына Халықаралық бакалавриат ұйымының бас кеңсесі орналасқан Швейцарияның Женева қаласынан қуанышты жаңалық келіп жетті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп»  Халықаралық бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы бойынша авторизация алды.
Соңғы екі жыл көлемінде мектеп қауымдастығының барлық мүшелері біріге отырып, дайындық процесін жүргізді. 2019 жылдың 21-22 қарашасында Халықаралық бакалавриат өкілдері мектепке арнайы сапармен келді. Сапар барысында тексеруші тарап білім ордасының Халықаралық бакалавриат стандарттарына қаншалықты сай екендігін басты назарда ұстап, Дипломдық бағдарламаны енгізудегі дайындық деңгейімен танысты.
Екі күнге созылған тексеріс аясында Халықаралық бакалавриат өкілдері педагогикалық құрамның жоғары кәсібилігін, мектептің жабдықталуын, бірлескен білім ортасын, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму жағдайы мен шарттарын, сонымен қатар, мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы сенім мен сыйластыққа құрылған ашық коммуникацияны ерекше атап өтті.
Екі апта өткен соң, мектепке сапардың нәтижесі туралы оң жауап пен Дипломдық бағдарлама бойынша авторизациядан өткендігі туралы растау хаты келіп жетті.  Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы бойынша: Primary Years Programme (PYP), Middle Years Programme (MYP) и  Diploma Programme авторизациядан өткен білім ордасы болып табылады.
Біз де өз тарапымыздан Халықаралық мектеп ұжымы мен ата-аналарды, білім алушыларды қуанышты жаңалықтарымен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық бакалавриат мектебінде қызмет ету жоғары жетістік пен зор мәртебе екендігі сөзсіз.

Сандуғаш Кожина,
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.