Home » Author Archives: admin admin (page 57)

Author Archives: admin admin

Пәнаралық байланыс — ынталандыру жолы

      Сабақ өткізу өзіндік шеберлікті талап етеді. Әр ұстаз оған өз тапқырлығымен, ұтымды шығармашылық жолымен келеді. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Бостандық ауданының №94 мектеп-гимназиясында «Пәнаралық байланыс мотивацияны арттыру құралы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен оқу орындарының базасында сегіз құзыретті орталық ашылған болатын. Солардың ішінде №94 мектеп-гимназиясы Бостандық ауданы бойынша бастауыш мектептердің құзыретті орталығы ретінде бекітілген. ...

Толығырақ »

ОТ ПРОЕКТА К ИССЛЕДОВАНИЮ

    За последние годы существенно изменились приоритеты образования. В современном обществе возрастает потребность в людях неординарно мыслящих, активных, творческих, способных нестандартно решать поставленные цели и задачи. Широко обсуждается вопрос о создании условий для повышения качества учебно-воспитательного процесса. В методической копилке педагога особое место занимает проектно-исследовательская деятельность, которая позволяет поддержать и развить природную любознательность ребенка. Как же развивать проектно-исследовательскую деятельность младших школьников? ...

Толығырақ »

Заман талабы-заманауи педагог

2024 жылдың 17 сәуір күні №129 бөбекжай-балабақшасында «5 жастағы балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты профессорлық — оқытушылық құрамының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне ұйымдастырған курсына семинар өткізілді. Балабақша меңгерушісі Беспаева Г. Т. келген педагогтерге балабақша туралы қысқаша мәлімет беріп, семинарды ашып берді. ...

Толығырақ »

ЗАМАНҒА САЙ ТӘРБИЕШІ – КӘСІБИ МАМАН

   Түрксіб аудандық білім бөлімі мектепке дейінгі білім мекемесіндегі тәрбиеші-педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды уақыт талабына сай жаңғыртуда. Білім бөлімі жанынан мобильді топ жасақталып, ауданға қарасты 23 балабақшада арнайы семинардың ұйымдастырылуын, тәрбиешілердің тәжірибе алмасуын басшылыққа алуда. Жуырда осындай мақсатты көздеген Түрксіб аудандық семинары №118 бөбекжай-балабақшасында ұйымдастырылды. Есіктен енгеннен жанға жайлылық сезілген еді, бекер болмаған екен. Балабақша меңгерушісі Райхан Қапашқызы бастаған ұжым ...

Толығырақ »

«Әлем елдері достығы»

Бүгін Алматы қаласы, Түркісіб ауданының №142 ЖББ мектебінде «Әлем елдері достығы» тақырыбы аясында 1 мамыр – Бейбітшілік мерекесі қарсаңында татулық пен достықты дәріптеген іс-шара өтті. Нағыз достар ары таза тамаша, Арманымен бірге өсер таласа. Шіркін достар барлығы да бірдей боп, Адамдықты, адалдықты қаласа,- демекші, бүгінгі кештің атмосферасы да татулық пен бірлікке, достық пен сенімге тұнды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ...

Толығырақ »

«Ғажайып ғарыш»

Бүгін, Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты «№80-ші бөбекжай-балабақшасы» Бесетаева Жадыра Серікқызының басшылығымен, қала бойынша мобильдік топтың жоспарына сәйкес, практикалық және теориялық екі бөлімнен тұратын «Ғажайып ғарыш» атты инновациялық технологияларды пайдалану арқылы драматизациялау тақырыбында іс-шара өткізді. Есікке ентелеп келіп, табалдырықты аттағаннан, ғажайып әлемнің қақпасын айқара ашқанымды түсіндім, кенеттен көзіме балалардың қолымен жасалған көрменің заттары оттай басылды. Не деген ғажап, өз көзіме ...

Толығырақ »

Мамандығым – мақтанышым

Адам өмірде мамандық таңдау мен жар таңдаудан  қателеспеуі керек. Өйткені бағың мен сорыңды ажырататын осы алғашқы таңдауың десе де болады. Дұрыс таңдау көгеріп, көктетіп, өркендеп өсіреді, қателессең кері кетесің. Осы тұста балаға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Наурызбай ауданындық  Сейділдә Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектепте «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кездесу өтті. Ондағы мақсат – ...

Толығырақ »

Математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңызы

Шыныбай Жанна Ізбасарқызы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті «Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі» МКМ бастауыш сынып мұғалімі Математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңызы өте зор.  Қазіргі  ғылым мен білімнің, техниканың дамыған заманында математика ең қажетті пәнге айналды. Оқушылардың математиканы қызыға оқуы, сол пәннің ерекшелігінде: логикалық тапсырмалары, жылдам есептеу тәсілдері, есеп шығару кезіндегі шынайы өмірмен байланыстылығы, күрделі теңдеулерді шешу, фигуралар, ...

Толығырақ »

Мектеп педагог-психологінің баламен жұмыс істеу іс-әрекеті

Ақтоты Жаңабайқызы, Астана қаласы әкімдігінің №8мектеп-лицейінің психологы Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес. Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты: — ...

Толығырақ »