2017 жыл күз мезгілінің екінші айында Астана қаласының сол жақ жағалауында орналасқан №56 «Береке» балабақшасының бүлдіршіндері жаз бен қыстың арасындағы табиғаттың таңғажайып өзгерісін өздерінше бақылап, қоңыр күздің құбылысын жан-жақты зерттеп, түсінгендерін әртүрлі бағытта топ тәрбиешілері мен жетекшілердің басқаруымен жеткізуді бастап кетті. Оның бірі бүгін, 25 қазан, мектепке даярлық «Қарлығаш» тобы тәрбиешісі Асқар Жұмагүл «Құстар кетті қайтып» деген атаумен алтын күзді қызықты ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Білікті ұстаз әрі мәртебелі басшы Тараз қаласында
«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша «Түсі жылыдан түңілме» деп дана халқымыздың қалт айтпағанына тағы да бір рет көзім жетті. Стереотипті көзқарас. Десек те қабылдау бөлмесіндегі түсі жылы директормен кездесіп, танысу барысында қарама-қарсы отырған жанның тек ұлағатты ұстаз ғана емес, білікті басшы, адал жар, мейірімді ана әрі отаншыл тұлға екендігіне қуанып, оның мәртебесін көтеруді мақсат тұттым. Қадірменді оқырман, ...
Толығырақ »Дарынды балалар – еліміздің болашақ зияткер, зайырлы қауымының негізі
«Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».
Толығырақ »Ұстаз мақтанышы
Теріскей беттегі сырлы Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектебінде 2-сыныптар арасында қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен мектепішілік олимпиада болып өтті. Бұл олимпиаданы өткізуден мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақты білімге баулу, ынталандыру, алған білімін өмірде қолдана білуге уйрету болып табылады. Оқушылар мұғалімнің айнасы демекші, оқушыларымыздың алған жетістіктері мұғалімдер еңбегінің жемісі. Жоғары балл алған оқушылар марапатталды. Бұл олимпиадада 2 «А» ...
Толығырақ »Тарихсыз ел болмайды
Жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысу үлкен толқынның қасиетті борышы саналады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында еліміздің рухани түлеуінің сара жолын бастауға жол нұсқады. Бұл игілікті іске үлкенді-кішілі болып барша жұртшылық қатысып, әркім бір тамшы болсын өз үлесін қосса-тамшыдан теңіз түзілетінін де осы мақаласында айтып жеткізген еді. Бұдан түсінетініміз, ұлттық салт-дәстіріміз, тіліміз, дініміз бен діліміз, тарихымыз, әдебиетіміз мен мәденеиетіміз, ...
Толығырақ »СҚО: Б.Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» кітабының тұсаукесері
Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қоғамдық сана-сезімді жаңғырту, рухани жаңғыру платформасы болып табылады. Бұл тұрғыда кітап — жаңа білім көзі ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруге жол. 2017 жылдың 23 қазанында С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасының конференция залында Германияда тұратын қазақстандық суретші Болат Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» атты кітабының тұсауы ...
Толығырақ »Жаңартылған бағдарлама – жарқын болашақ кепілі
Бүгінгі қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім жүйесіндегі жаңа көзқарасты жетелеуші ұрпаққа қалыптастыруды қамтамасыз ету, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Сол себепті ХХІ ғасырда ел болашағының баяндылығы жолында сананы жаңғырту, білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу – маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Мектептер ...
Толығырақ »Бақұл бол, ұстаз ана!
Павлодар қаласында өткен жұмада ауыр қайғылы күн болды. Халқы ардақты Анасынан айрылып қалды. Тұла бойы тұнған мейірімділіктің, ақыл мен парасаттың бейнесін түзген Зара Қабдешқызының қазасына қайғыдан қабырғасы қайырылған облыс халқы марқұмға үлкен құрмет көрсетіп, мәңгілік сапарына Ж. Аймауытов театрының фойесінде қоштасу митингісін өткізді. Қазанаманы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкейұлы жүргізді. Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов облыстың Құрметті азаматы, ұлағатты ...
Толығырақ »Құнды қазынамыз – тарихи мұра
Алтын ұя мектебімнің тарихы – мол қазына Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім, берекем. Шәкірттерің өрістесін, өрлесін, Алтын ұя мектебім!- дей отырып, біз өмір сүріп отырған ғасыр – білектілердің емес, білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы жарқын. Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалайтын білім ордалары шәкірттерін шыңдаудан еш жалыққан емес. Сондықтан «Тарихты білмей өткенді, ...
Толығырақ »«Қазақстан – елім менің» «Атажұрт» тарихи-танымдық интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың дүниетанымын, таным-түсініктерін дамыту; сөйлеу дағдысын дамыту; туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру; туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы, Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары. Қатысушы: 3 «А», «В» сынып оқушылары. Топтардың аттары: «Алаш» тобының эмблемасы ...
Толығырақ »