Home » Мақалалар » Ұстаз мақтанышы

Ұстаз мақтанышы

Теріскей беттегі сырлы Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектебінде 2-сыныптар арасында қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен мектепішілік олимпиада болып өтті. Бұл олимпиаданы өткізуден мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақты білімге баулу, ынталандыру, алған білімін өмірде қолдана білуге уйрету болып табылады.

Оқушылар мұғалімнің айнасы демекші, оқушыларымыздың алған жетістіктері мұғалімдер еңбегінің жемісі. Жоғары балл алған оқушылар марапатталды. Бұл олимпиадада 2 «А» сынып оқушысы Нажмиддин Шамсиддин 1-орын жүлдегері, 2-орын жүлдегерлері 2 «Б» сынып оқушысы Рысмухамед Жайхун, 2 «Ә» сынып оқушысы Кенбай Жұлдызай, 3-орын жүлдегерлері 2 «Б» сынып оқушысы Төлбасы Фаррух, 2 «А» сынып оқушысы Мұратбек Дианалар болды. 1-орын жүлдері Нажмиддин Шамсиддин қараша айында өтетін облыстық бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадаға қатысуға жолдама алды.

Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаздың мерейі үстем!

 

Ерназарова Нодира Сайфуддиновна

Науайы жалпы орта мектебі,

2 «А» сынып жетекшісі,

ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.