Home » Author Archives: admin admin (page 1132)

Author Archives: admin admin

М.Әуезовтің көркем образ жасаудағы шеберлігі

Ұлы суреткер М.Әуезов шығармаларының тағылымы  таусылмас қазына екені белгілі. Осы ретте М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі жайында айтылар ойдың көп болмағы да осыдан. 1927 жылы М.Әуезов Қарқара жәрмеңкесінде: «Көп қорлық көрген ел екен. Қарсылық білдірдің деп жазықсыз атып, шауыпты, соны жазайын деп жүрмін» деген. М.Әуезовтің бұл жүрекжарды сөзі С.Қожамқұловтың «Ереуіл төбе» атты естелігінде бар. М.Әуезов тарихтың осы бір қыртысы мол, қалтарысты ...

Толығырақ »

«Отбасы күні» мерекесі атап өтілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Отбасы күні» мерекесін атап өтті. Шараға департамент қызметкерлері отбасының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Балалар – елдің болашағы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен өнер иелері қатысты. Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова жиналғандарды мерекемен құттықтады. «Қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып бекітілгені белгілі. Осы орайда біз департаменттің ...

Толығырақ »

ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана : өз балаңа үлгі бол

Алматы қаласы, Алмалы ауданы  М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте « ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана : өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Еске сала өтейін, аталмыш жиын барысында  мектеп директоры Есдаулетова Жаннат Джумадиловна өз сөзінде ата-аналарға сапалы білім беру мен саналы ұрпақ өсіруде мектеп-ата-ана-бала болып  бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды. Конференция бес ...

Толығырақ »

«102 ЖББМ» КММ-де «21- ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»  атты республикалық конференция өтті

Алматы қаласының Білім басқармасы, Білім және Ғылым министрлігімен Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де  «10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 10-11 сынып оқушыларының  ата-аналары қатысты. Конференцияның міндеті – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау. Ата-аналардың педагогикалық біліктіліктерін арттыру. Балалардың өздері және олардың ата-аналары үшін өмірдегі жаңа, маңызды кезең басталды. Мектепте ...

Толығырақ »

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында курс тыңдаушыларының таныстырылым сөздерін дайындау ерекшеліктері

Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепте неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі талқылаудағы мәселе екенін анық. Кей кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтердің біліктілігін арттыру ...

Толығырақ »

АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді.» А.С. Макаренко.   Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму ...

Толығырақ »

МУЗЫКА – АДАМ ӨМІРІНІҢ СЕРІГІ

Музыка – эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Оған деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол – өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. «Ол жоқ жерде, адам тірлігі де — жоқ»,- деп Ю.Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп мұң-зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады. ...

Толығырақ »

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары мен абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелен ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ата-ана өз баласын махаббатының нұры мен қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»,-деп бабаларымыз айтқандай, баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға: «Сіз балаңызды 1,5 жыл ...

Толығырақ »

БАЛАБАҚША — ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

 Балабақша – баланың жүйелі түрде білім мен тәрбие алатын, ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтсақ, ұстазға байланысты. Ұстаздық – киелі мамандық. Ол — ертеңгі болашақ иесін, ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – оңай шаруа емес! Тәрбиеші ...

Толығырақ »

Ата-аналар жиыны Тараз қаласының №13 орта мектебінде сәтті өтті

Еліміздің барлық мектептерінде 8 қыркүйек күні  бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына, ал 9 қыркүйекте 10-11 сынып ата-аналарының қатысуымен «XXI ғасырдың ата-аналары: балаңызға  үлгі болыңыз» атты тақырыпта біріңғай республикалық ата-аналар конференциясы өтетіндігі туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлаған болатын. Мұндай  жиын Жамбыл облысы, Тараз қаласының мектептерінде де өтті. «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: өз балаңа  үлгі бол» ата-аналар конференциясының үлкен жиыны «Тараз ...

Толығырақ »