Жуырда «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» атаумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қорының қолдауымен Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде республикалық педагогикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты — жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, гуманитарлық колледждердің оқытушылары, жоғары санатты мектеп директорлары мен мұғалімдері шақырылды.
Олимпиадаға еліміздің барлық аймақтарынан 260-қа жуық болашақ педагог және жас мамандар қатысты. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.