Home » Жаңалықтар » Дарынды балалар қандай ұстазды қажет етеді?

Дарынды балалар қандай ұстазды қажет етеді?

    Жуырда «Дарынды балаларға — талантты ұстаз»  атаумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қорының қолдауымен Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде республикалық педагогикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты — жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, гуманитарлық колледждердің оқытушылары, жоғары санатты мектеп директорлары мен мұғалімдері шақырылды. 
Олимпиадаға еліміздің барлық аймақтарынан 260-қа жуық болашақ педагог және жас мамандар қатысты. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.