Home » Айтарым бар » Қазақ психологиялық қоғамы

Қазақ психологиялық қоғамы

Қазақ психологиялық қоғамының Астана филиалының жетекшісі  Тойшыбекова Майра Канапиякызы: Қазақстанда психология ғылымының дамуына  жан – жақты ықпал ету, маңызды және преспективалық ғылыми зерттеулерді жүргізу, ең алдымен қазақ этно-психологиясының мәселелерін және ғылыми инновациялық зерттеулерді жандандыру. Сонымен қатар қазақ ғалымдарын отандық және халықаралық психологиялық  ұйымдармен байланыстыруға, кәсіптік жағынан жетілдіру.  Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін психолог мамандар бірінші кезекте  шынайы қажеттіліктерімен өмірлік мақсаттарының ортасындағы бейсаналық қарамағайшылықтарды анықтау қажет.    Өйткені өз мақсатында  сәттілікке жетудің басты шарты адамның   шанайы қалауларын түйсінген жағдайда  сыртқы кедергілер өз бетімен шешіледі деп санаймын.

Курмашева Венера Айдоскызы: Өміріміздің мәні мақсат пен арманда. Алға белгілі бір мақсат кою арқылы, біз алда кездестірген кедергілерден өтіп, алға қарай талпынамыз. Осы тренингте өмірімнің мәні неде, не үшін өмір сүріп жүргенімді, арманға жетудегі кедергім, балалық шақтағы санада қалып қойған қорқыныш пен қиындыктарым екенін түсіндім. Қазақ психология қоғамының мүшесі болу, мен үшін бір үлкен табыс. Әр қатысқан тренингтерім -маған керемет көніл-күй, куаныш, талпыныс, мотивация береді. Әр катысушының бойын жеңілдетіп, сілкіндіріп, еркіндік пен күш қуат сыйлайды.

 

Кожахметова Меруерт: Бүгінгі күнім керемет басталды Себебі, мен позитивті терапия техникалары атты тренингке қатысуымен басталды. Өзім қазақ психологиялық қоғамның мүшесі болып келемін. Осы тренинг маған өз ойымды, мінез-құлық реакциясын,әрекет пен сезімді үйлесімді түрде қалыптасуға көмектеседі деген ой болды. Тренинг барысында түсінгенім, түйгенім көп болды. Мәселен, бұл әдіс арқылы адамдар арасында болатын ортақ мәселелер туындайтын модель балансын құрайды. Талқылауға арналған бір мақсатым бар еді, яғни бұл мақсатым — мамандық бойынша кәсібилігімді, біліктілігімді арттыру деп алған болатынмын, бірақ тренинг барысында бұл мақсат қалаулы болмай қалғанын сездім, түсіндім және негізгі мақсат неде екенін түсіндім. Өмірде неліктен түрлі кедергіге тап болады деген сұрақ туындады және нәтижесінде мен шынайы не керек екенін түсінемін, басты кедергі — өзім деп білемін.

 

Арғынғазина Балғын Ақжарқынқызы: Адам алдына жоспарлар құрады, армандайды, соларды жүзеге асыру үшін әрекет етеді, түрлі кедергілерден өтеді.Бүгінгі тренингтен мен өзіме қажет көптеген ақпараттар алдым. Өзімнің арманымды нақтылап алдым.Тренинг арқылы осы арманыма жету жолында өзіме өзім кедергі екенімді түсіндім. Өзіммен жұмыс жасау арқылы мінезімді өзгертіп, жұмысқа деген жауаптылығымды одан әрі жетілдіру керек деген шешім қабылдадым. Алдағы уақыттарда да қазақ псиxологиялық қоғамында осындай тренингтеріне қатысып өзімді жетілдергім келеді. Осындай тренингтер адамға сенім мен нақтылық, алға деген талпыныс сыйлайды.

 

Мен, Дуамбекова Алия Сарсенбаева бүгінгі психологиялық тренингте өзіме нақты мақсат қоюды үйрендім. Мақсатқа жету үшін ерік күш-жігер қажет. Ерік күш-жігер күнде жасайтын тынымсыз әрекеттен бастау алады.Осындай тынымсыз әрекеттер арқылы мақсатыма жететініме сенімдімін.

 

 

 

Нағигүл  Салыққабиқызы  Қазақ  Психология қоғамы жағынан ұйымдастырылған  «Мақсатқа  жетудің  тимді жолдары » атты тренигтен өте терең әсер алдым, мақсатқа жету барысында адамның ішкі дүниесінде, бейсанасында  көптеген кедергілер болатынын әрі онымен қалай жұмыс жасау керектігін  түсіндім, осы кедергілерді шешкенде мақсатыма оңай жететініме сенімдімін әр сенбі сайын өткізілетін тренинг  менің жан жақтылы  білім алуыммен дамуыма көмектеседі.

Біздің қоғамымызға психология _ЖАН ҒЫЛЫМЫН  оқыту  мен  оқу  ауадай  қажет  деп ойлаймын.

 

Жанапина Анар Қайратқызы: Бүгін Қазақ психология қоғамының ұйымдастыруымен «Тиімді мақсат қою»деген тақырып бойынша тренинг өтті.Тренингте әрқайсысымыз өз мақсатымызды айқындап, мақсатқа  жету жолдарын нақтыладық.Бұл тренингте мен өзімнің мақсатыма жетуге қабілеттерім жеткіліксіз деген бағытта жұмыс жасадым.Тренинг соңында нақты кедергіні тауып,содан түбегейлі құтыла алудың жолын түсіндім десем болады. Адамда өзіне-өзі сенімсіздік,біреуге арқа сүйеу, жауапкершіліктен қашу деген сияқты түрлі кедергілер болады екен. Бүгінгі тренинг нәтижесін, жемісін беруі үшін, нақты өз кедергіммен жұмыс жасаймын.Маман ретінде кәсіби дамуым үшін, осындай тренингтер өте қажет.

 

Базарбаева Гүлжәйна Бердіғұлқызы: Бүгінгі тренингтен түйген ойым алдыма қойған мақсатыма жетуді үйрендім

 

 

Ахметова Гульдана Галиоллаевна: Бүгінгі қазақ психология қоғамы ұйымдастырған семинар тренингтен алған әсерім, алдымда қойылған мақсатқа жетер жолда өзімді табу. Түпкі санамда жасырылған блоктарды тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын білдім.  Қоғам жұмысына толағай табыс тілеймін.

 

 

Макенова Толқын: Бүгінгі күн талабы рухани жаңғыру болса, сол жаңғырудың бірден-бір  бөлігі өз-өзіңді  жан тұрғысынан рухани дамыту дептанимын. Өз тұлғаңды дамыту  өзін-өзі  түсіне білу, қарым қатынас, эмоциялар мен әрекеттерді дұрыс басқара білу, шығармашылық ізденістермен іскерлікпен айналысу сонымен бірге өзін-өзі дамытудағы тұлғаның машықтанған бірізділікке түскен  тәсілдің қалыптасуы барысында алатын рөлі зор.

Ал бүгінгі тренинг осы жаңғырудың бір бастамасы болды десек артық айтқандық емес, себебі әрбір қатысушы «Позитивті терапия техникаларын» қолдану арқылы өзін –өзі түсінуге, ондағы кездескен кедергілерді шығарып, соған сай дұрыс жауап білуге ұмтылды. Ұсынылған әдістер негізінде өз ішкі жан дүниеңді реттей отырып рухани тұрғыдан әрі қарай дамытып жетілдіре беруге болады. Бұл дегеніміз өз-өзіңді тану рухани жаңғырумен тікелей байланысты.
Р.S (кәсіби тұрғыдан саралайтын болсақ,  рухани  жаңғыруды осылай қарастырамын)

 

Пікір жинақтаған Білім айнасы,
Астана қаласы

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.