Home » Балабақша » Мамандығым – мақтанышым!

Мамандығым – мақтанышым!

Тәрбиеші  — балабақшаны бақша деп алып,  келген бала  гүл болса,  онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.  Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші.  Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие  беретін отбасынан кейінгі екінші анасы.  Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сыр, құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала баяу, барлық нәрсені байыппен жасағанды жақсы көретін келеді. Ал үшінші  бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді. Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады.  Себебі  жоғары да айтып өткендей  әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші  ол-ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына  қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол  оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс.

Абай атамыз айтқандай «жас  бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам , ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылығы  тұрады. Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп, көмек  көрсетіп, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті.

Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.

Шын жүрекпен қалаған кәсіп пен  таза тер төгілген  еңбек арқылы өмірлік абырой — беделді, қоғам  алдыңдағы құрмет сыйға ие болуға болады. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу,  олармен тілдесу  тек сырт көзге ғана оңай жұмыс.

Тәрбиешілер  елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі  сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Абай. Олай болса әріптестер жас ұрпаққа  мейірім шапағатпен , еңбекке баулу мен  қоса Отанға деген, Ана  тілге деген, жас ұрпаққа деген  махаббатын нығайта отырып, оларға тура бағыт бағдар  беру біздің тікелей міндетіміз болып табылады.

Өз мамандығымызды сүйейік  және мақтан тұтайық тәрбиешілер!

 

Солтыбекова Касира Асетовна

    Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Ақбота» МЖДМ КМҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.