Кубик-рубикші Робот

 

 

  Бүгінгі таңда Кубик-Рубикті шешетін алгоритмдердің сан түрі бар, осы алгоритмдердің әрқайсысымен бірнеше секундта нәтижеге қол жеткізуге болады.  Алайда, бұл жылдамдықты адамның өзі жасайды. Ал, Ерасыл осы жетістікке роботтың да мүмкіндігін қарастырған. Суреттегі құрастырылым Lego Mindstorm EV3  құралдарымен жүзеге асырылған екен.
Роботтың техникалық мақсатының шешімін веб-камера және жанасу құрылғысы арқылы іске асады. Қажетті алгоритмді біз веб-камерасынан алынған ақпараттарға сүйене келіп таңдаймыз. Веб-камера Кубик-Рубиктің 6 қырын сканерлеп, ең тиімді алгоритмді таңдап қажетті қадам санын санап, оны құрай бастайды. Жанасу құрылғысы бізге роботтан жасаған қадамдарын санап және қанша қайталау санын бақылап, қадағалап отырады. Қысқаша айтқанда, робот алгоритмінің қадамдарын санап отырады. Кубик-Рубикпен қажетті іс-әрекеттерді, яғни оның айналуына байланысты стандартты әрекеттерді екі үлкен мотор жүзеге асырады.
Нәтижесінде бір минут ішінде 20 қадаммен кубик-рубик құрастыра алады.

 

Қадыржанов Ерасыл, Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы
Қарағанды қаласы.

 

Қуаныш ТҰРҒАНБАЙ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.