Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2017 жылғы ақпанның 14–17 күндері аралығында Алматы қаласындағы Алатау санаториінде Республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 717 оқушы қатысты. Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті:

экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

ғылыми — техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос ғылымдар);

таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

Конкурстың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары 7- алтын, 10- күміс және 7 — қола медальдарымен марапатталды.

1 орын иегерлері: Адылхан Арай, 11 сынып оқушысы (НИШ ФМН Талдықорған), Ерменов Даурен, 11 сынып оқушысы (НИШ ФМН Ақтөбе), Айткулова Индира, 10 сынып (НИШ ХБН Қарағанды), Маратова Сая, 10 сынып оқушысы (НИШ ХБН Өскемен), Ли Артем, 9 сынып (НИШ ФМН Талдықорған), Ким Ольга, 10 сынып оқушысы (НИШ ФМН Талдықорған), Диас Қалдыбек, 11 сынып (НИШ ФМН Тараз).

2 орын иегерлері: Дмитриенко Оксана,10 сынып (НИШ ФМН Талдықорған), Воропаева Софья, 10 сынып (НИШ ФМН Талдықорған), Алдажаров Дулат, 11 сынып оқушысы (НИШ ХБН Өскемен), Ерболат Диас, 11 сынып оқушысы (НИШ ХБН Өскемен), Сексенали Асет, 11 сынып (НИШ ФМН Алматы), Турганов Дидар, 11 сынып оқушысы (НИШ ФМН Талдықорған), Нуралина Амина, 10 сынып (НИШ ФМН Талдықорған), Маметкулов Максим, 11 сынып (НИШ ХБН Қарағанды), Баймолдина Малика, 9 сынып (НИШ ХБН Өскемен), Медетова Алима, 11 сынып (НИШ ХБН Қарағанды).

3 орын иегерлері: Абдимажит Асмир, 11 сынып оқушысы (НИШ ФМН Талдықорған), Бауэр Роман, 8 класс (НИШ ХБН Павлодар), Ильясов Олжас, 10 сынып (НИШ ФМН Көкшетау), Смагулов Ансар, 9 сынып оқушысы (НИШ ФМН Алматы), Нагатай Айсана, 9 сынып оқушысы (НИШ ФМН Алматы), Пишанова Нейла, 10 сынып оқушысы (НИШ ФМН Тараз), Сәтбеков Дархан, 11 сынып оқушысы (НИШ ФМН Тараз).

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.