ОТАНЫМ

Оттан да ыстық Отаным!

Мен сені шексіз сүйемін.

Отаным менің – Қазақстаным,

Сен үшін шоққа да күйемін.

 

Кең байтақ жері бар Отанымның,

Жері бай қазбаға қазағымның.

Көз тартар әсем табиғаты,

Сүйікті менің Отанымның.

 

 АНА ТІЛІМ — МАҚТАНЫШЫМ!

Ана тілі — әр елдің қазынасы,

Өсірген, сақтаған бау-бақшасы.

Жоғалтпай, сақтайық тілімізді,

Ана тілі – қазақтың бай мұрасы!

 

Ана тілі  — өсиеті бабамыздың,

Алтын кілті — ата-салтымыздың.

Шұбарламай, құрметтейік тілімізді,

Кірлетпей ар-ұятын халқымыздың.

 

Ана тілім — өмірдегі жұбанышым,

Қолыма қонақтаған сандуғашым.

Ұялаған туғанымнан жүрегіме,

Ана тілім – мен үшін мақтанышым!

 

Жоламан Ақниет Азаматқызы,
4 «ә» сынып оқушысы,
№25жалпы орта білім беру мектебі,
Мұғалімі: Шабажанова Динара Қалиаскаровна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.