Сугурбаева Қуралай
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бәрімізге белгілі биыл қазқтың дана да, дара Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр.Ақынның мерей тойын тек қазақстандықтар ғана емес, әлем болып тойлап жатыр. Абайдың шығармалары болашақ ұрпақ үшін маңызы зор,негізінде ақын өз шығармаларында, адам баласының балалық шағы жастық шағы және қарттық шақтарын негізге ала отырып өлеңдер жазған.Қай жаста оқысаңда ақын шығармалары жүрегіңнен орын алады.Сол үшін де ақын Абай бізбен бірге мәңгі өмір сүреді. Оның қай бір шығармаларын алып қарасаң өнеге-өсиетке толы өлеңдері, ақылдығымен даналығы жаныңды жадыратып,өмірге деген құлшынысыңды арттырып, көңілге рухани азық береді.Бәрімізде бала болдық, ақынның өлеңдерін жата- жастана оқып жаттап өстік. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жаттамай өскен бала жоқ шығар сірә…?! Осы өлеңді мектеп сахнасында айтқанда жаның жадырап,жан дүниеңді елжірете түсетіні,жүрегіңді қуанышқа бөлеп соңғы шумақтарын жігерлене айтатынбыз.Өйткені «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» демекші ұстазға деген мақтанышымызды осы өлеңдер арқылы жеткізіп мәз-мейрам болатынбыз.Ақынның осы өлеңінің әсерімен болашақта ұстаз болуға ынтығып,армандап жүретінбіз.Арманымыз орындалып, бүгінгі таңда болашақ ұрпақ тәрбиелеп дана Абайдың шығармаларын насихаттап,болашақта өнерлі,байсалды білімді болуға ақын айтпақшы «бес нәрседен қашық бес, нәрсеге асық болуға» қандай жағдай болсада өтірік-өсек,мақтаншақ,еріншектіктен қашық болуға тәрбиелейміз, үндейміз.
Абайдың шығармалары зер салар болсақ ойынан тараған өлеңдері адамдардың мінез-құлқы айла-әрекеті,мақсат-ниеті, қоғамның қисық әрекеттері, бай-кедейлердің мұң-зарын айқын суреттеген. Міне осындай әділдігі және шыншылдығының арқасында өз заманында келер заман да және болашақ ұрпақтар есінде мәңгі сақталары анық. Менің әлі күнге дейін есімде Абай атамыздың бала күндерімізде жаттаған өлеңдерін осы күнге дейін көкейімде жатыр.
Былай басталатын өлеңі: Малға достың мұңы жоқ,малдан басқа,Аларыңда шара жоқ алдамасқа,Табысына табынып қалтаң қағып,Тойғанынан қалғанын берсе алашқа. Мал жияды мақтанын білдірмекке,Көзге шұқып, малменен күйдірмекке,Өзі шошқа,өзгені ит деп ойлар,Сорпа сумен сүйекпен сүйдірмекке.Ақылды деп,арлы деп,ақпейіл деп. Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп. Осы күнде мал қайда,боқ ішінде,Алтын алсаң, береді боғынан жеп.Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек.Еңбекті сат,ар сатып неге керек?
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек. демекші ақын жырлағандай адам баласының бойында осы үш қасиет табылғанда ғана ойлағанына жетеді. Бәрімізге белгілі жақында « Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан »мақаласында мемлекет басшысының өзі осы Абай атамыздың өнегелі өсиет сөзін негізге ала отырып үндеу жолдағаны бәріміздің есімізде. Ақын өлеңдерінің бір ғажабы қай жаста мейлі қанша оқысаңда жалықпайтыныңда,қайталап оқыған сайын жаңа қырларын ашып өзіне тарта түседі. Әдебиет әлемінде әр ақынның өзіне тән қасиеттері болады, Ол қасиет ақын шығармаларын оқығанда өзіңді түпсіз терең тұңғиыққа тартып кететіндей, терең теңізге ұқсайды.Сол заманның да қазіргі заманның да оқырмандарын жалықтырмас,жан серіктерінің бірі Абай болғанна шексіз сүйсінесің. Абай атамыздың барлық өлеңдерімен қара сөздерінде терең мағына жатыр. Мектеп қабырғасында Абайды оқып шығармаларына қанық болып өскен әрбір бала өскенде мансапқа,өзімшілдікке еріншектіке даңқой дүние қорлық сыяқты сырқаттардан аулақ болар еді….. Асыл сөз маржанын іздесең Абайды оқыңыз дегім келеді