Home » Мақалалар » «Мен жаңашыл-педагог»    

«Мен жаңашыл-педагог»    

Данаева Роза Амирхановна
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы
Кызылагаш ауылы.
Абылайхан атындағы ОМ жанындағы
 «Балдырған» шағын орталығының
І ші сәбилер тобының тәрбиешісі

       ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономиялық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр педагогтің  міндеті. Педагог – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы педагог — ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш.  Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстазы болуы керек. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық жол. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған менің мамандағым ол – тәрбиеші.  Тәрбиеші – ол, баланың өмір жолында кездестіретін екінші анасы. Оның жан дүниесі әрдайым бала болып кала береді. Олай болмаған жағдайда, балалар оны өз әлеміне өткізбейді. Біздің мамандығымыздың басты талабы – балаларды кез-келген жағдайда да жандүниеңмен жақсы көру. Тәрбиеші – әрдайым үздік тәжірбиелер мен педагогикалық ғылыми жетістіктерді қолдана жүріп, өз іскерлігін дамытып тұруы керек. Тек алға ұмтылып, жаңа технологиялар мен дәстүрлі емес әдістерді меңгере отырып, халық ауыз әдеби шығармаларын да ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі заман балаларының қоршаған ортаны тануды көмектесуге, танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін, тәрбиешіге білімім мен шеберлігін түрлендіріп отыруы тиіс. Технология қарқынды дамып жатқан қазіргі біздің заманда, педагог заман талабына сай сөзсіз техникалық құралдарды меңгере білуі керек.

Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың ,нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,жаңа үрдісті педагогикалық мақсат ұстанымда бағалауға,педагогикалық іс-әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға,талдау мен өзін-өзі бағалау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер болу қажет. Тәрбиеші-тәрбие жұмысын ұйымдастыру,реттеу,жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог. Инновациялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін жаңа бағытта өткізу керек.

Тәрбиеші жұмысы-өте күрделі жұмыс.Ол көп  еңбекті, жауапкершілікті,

уақытты қажет етеді.Көрнекті гуманист-педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек»еңбегінде:

«Нағыз тәрбиеші бұғау салмайды,еркіндік береді;

-Басымдық көрсетпейді,-мақтап-мадақтайды;

-Намысына тимейді,-қалыптастырады;

-Бұйырмайды,-үйретеді;

-Талап етпейді,-сұрайды;

-Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеліске түседі»деген болатын. Міне осы қағидаларды есіме ала отырып, мен  өзімнің білім мен біліктіліктілігіме сенемін,   жұмысыма  дайындықпен, жоғары шығармашылық шабытпен келемін.

Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау  оңайға соқпайды. Алайда  баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату біз тәрбиешілердің еншесінде.

Заман күннен — күнге дамып, өркендеу үстінде. Бүгінгі таңда жаңашылдыққа толы XXI ғасыр талабына сай лайықты, шығармашылыққа жаны құмар, дарынды, сауатты да саналы жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.