Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту технологиясы

Қашықтықтан оқыту технологиясы

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Битемирова Молдир Калижановна

        Ел Президенті Қасым Жомарт−Тоқаев Үкіметке Халықты короновирустық инфекциядан қорғау шараларын міндеттеуіне байланысты Білім және Ғылым министрлік арнайы бұйрық шығарды.  Соның негізінде жүзеге асырып жатқан жұмыстарының бірі    Ⅳ тоқсанды қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуі.

Министрлік тарапынан оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтар мен оқушыларға электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалды. Оқытудың құралы ретінде видео− сабақтар пайдаланып жатыр. Бұл ретте «Bilimland», «Google Classroom», «Darym.online», «ZOOM» сынды жүйелер оқу бағдарламаларын, қызметтерін тегін пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, балалар «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарынан қосымша сабақ қарау арқылы өздерінің кері байланыстарын интернет желісі арқылы (ватсаппен) жіберіп отыр. Ия, бүгінгі күні оқушылар өздеріне ыңғайлы интернет желісі арқылы байланысуын таңдаған және сабақ үрдісіне бейімделіп, белсенді қатысып отырады.

Дәл қазір елімізде Ⅳ тоқсанның төртінші аптасы қашықтықтан оқыту сабақтары өтуде. Осы Ⅳ тоқсанның қашықтықтан оқыту барысында мектебіміздің директоры Қ.Ү.Титанов, оқу ісінің меңгерушілері Б.Қ.Бегленбетова мен  Г.М.Сайдова қашықтықтан оқыту барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстардың арқасында мектебімізде мұғаліммен оқушы арасында түсіністік жақсы орнап, өз кезеңінде жұмыстар атқарылуда.  Сонымен қатар мұғалім мен ата−ана арасында берік қарым−қатынас орнады. Ал, біз ұстаздар қауымы қажырлы еңбегімізбен алға ұмтылайық. Сондықтан, мен ата−аналарыма, шәкірттеріме және ұстаздар қауымына үйде болуға, сабырлы болуға шақырамын. Осы Ⅳ тоқсанды нәтижелі аяқталуына ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.