Home » Сценарийлер » «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау

«Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау

                                                                                            Маңғыстау облысы   Жаңаөзен қаласы
    МКҚК №8 «Ақбөбек» бөбекжай –  бақшасының
 тәрбиешісі: Умарова Роза Шамуратқызы

Білім беру саласы: Комуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау

Мақсаты:  Ертегінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге

                  бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру,

                   тілдік,дыбыстық мәдениетін жетілдіру,диалог сөздерді

                   орындауға үйрету.

Міндеті:    Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту,

                   ой-қиялын,шығармашылық қабілетін шыңдау,әр

                   кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге үйрету.

Көрнекіліктер:   Ертегіге байланысты  құралдар, кейіпкерлердіңкиімдері,

көлеңке театры.

Сөздік жұмыс:  қу,айлакер

Билингвалдық компонент: қоян – заяц, түлкі – лиса,қу-хитрый

Күтілетін нәтижелер

Орындайды ертегіні рөлге бөлініп ойнайды,аңдардың қимылдарын еске түсіреді.

Түсінеді түлкінің қу аң екендігін,қоянның ақылдылығын түсінеді.

Қолданады достарын ешқашан алдамай,бір-біріне көмек көрсетіп,тату болу керегін біледі.

 

ҰОҚ барысы

Ұйымдастыру қызметі

Шаттық шеңбері

                                 Арайланып таң атты,

                                 Алтын шуақ таратты.

                                 Армысың алтын күн.

                                 Армысың балабақша.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Негізгі бөлім

Педагог балаларға жұмбақ жасырады

     Бұлаңдаған құйрығы

     Бар  алдырлық қулығы                                      Түлкі

 

     Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.                                  Қоян

Жарайсыңдар балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жапсырып көрейін сендер шешуін тауып көріңдер.

  1. Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тартааламады.

Бұл қай ертегі?                                         Шалқан

  1. Ертеңмен үйін жинап,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?                                       Мақта қыз бен мысық

  1. Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?                                       Бауырсақ

Балалар мен сендерге  «Түлкі мен қоян» ертегісін  айтып беремін.

Түлкі мен Қоян.

Бір күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көреді.

Сол-ақ екен, өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, Қоянды шақырады.

 –Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың?

Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, – депті.

    Сонда Қоян:

    –Екі құлағым сөзінде тұр, екі көзім өзіңде тұр. Сіз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті.

    –Рас болған қандай, тіпті ет жемесем, басым ауырады.

    –Иә, мен де соған қынжыламынғой ғой.

    –Кеше бір тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылапта жібердім.

Өйткені ол да тірі жүргісі келеді. О, шіркін, тіршілік! – депті Түлкі.

     Қоян:

     –Сіз оны өлтірмей тұрып ойланып көрдіңізбе? – депті.

     Сонда Түлкі:

     –Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, – дейді.

     –Ұмытшақ болған жаман ғой. Менде содан қорқамын, сондықтан да жортамын, – деп тұра жөнеліпті Қоян.

Педагог көлеңке театры арқылы балаларға сахналап көрсетеді.

Сергіту сәті:қимылмен көрсетеді.

Т.Бердияровтың «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.
Балалар ертегіні сахналап көрсетеді.

Дидактикалық ойын

«Жабайы жануарларды қореқтендіру».

Шарты көрсетілген сурет арқылы жабайы жануарларды сызба арқылы  қореқтендіру.

Қорытынды бөлім

Ертегінің мазмұнын қайталап сұрайды.

Рөлге бөлініп ойнауға ұсыныс жасайды.

Түлкі қандай жануар

Қоян қандай жануар

Олар немен қоректенеді

Қайда өмір сүреді

Балалар бүгін барлығын оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

 

   Орнымыздан тұрайық.

   Әдепті бала болайық,

   Көріскенше күн жақсы

   Сау-саламат болайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.