Home » Жаңалықтар » 28-сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28-сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

«Балдырған» балалар бақшасында 28-сәуір халықаралық еңбекті қорғау күніне ұжым қызметкерлері дөңгелек үстел ұйымдастырып отырыс өткізді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты өндірісте болатын қайғылы оқиғаларды азайтуға, өндірісте жарақат алудың алдын алу, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыру.

Дөңгелек үстел отырысында кәсіподақ төрайымы Р.Ташметова баяндама оқыды.

Ұжым мүшелері жұмыс орнында болатын қайғылы жағдайларды болдырмау туралы өз ойларын ортаға салды. Балабақшамыздың еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы А.Бутабаеваның баяндамасы тыңдалып, талқыланды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулықтың саяси мән мағынасын көтеруге қалай ықпал ету қажеттігі туралы ақпараттанудың деңгейін көтерудің құралы болып табылады.

Р.Ташметова

Тараз қаласы, «Балдырған» балалар

бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.