Home » Жаңалықтар » Еңсесі биік – ұлы жеңіс

Еңсесі биік – ұлы жеңіс

Балдырған балалар бақшасының «Ботақан» тобында «Еңсесі биік – ұлы жеңіс» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілікті кішкентай булдіршіндер көрініспен ашты. Бүлдіршіндер Жеңіс күніне арнаған тақпақтарын, әскери киім киген ұл, қыздарымыз би билеп, ұлдар тобы «Солдат болам мен ертең» әнін әуелете шырқады. Ертеңгілікке қатысушылар «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» деп боздақтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.

Отан үшін жанын аямай орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен батырларды еске алу, есімдерін тарихта жаңғыртып отыру біздің парызымыз.

Р.Ташметова

Тараз қаласы, «Балдырған» балалар

бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.