Home » Жаңалықтар » ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық  жұмыстарының  ХҮІ республикалық  конкурсы өз мәресіне жетті.

1-7 сынып оқушылары арасындағы жасөспірімдер қатысқан  республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсы «ZOOM платформасында» онлайын режімде болды. Байқау 27-28 қаңтар күндері өтті. Қазылар алқасының төрағасы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ф.д. Тілеген Сыдықұлының айтуынша: үш кезеңнен іріктеліп 398 оқушы конкурсқа қатысқан екен.

Солардың арасына Солтүстік Қазақстан облысы да өз үміткерін үкілеп қосқан болатын. Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Сайлаубай Әрсен де өз бағын сынады. Қазіргі заманда жастардың талантын ашып, шығармашылық жолға түсуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Мектеп оқушылары 1 сыныптан бастап әртүрлі тақырыптарда жобалар жасап, ғылыми-зерттеу деңгейлерін шыңдап отырғанын білеміз. Сондай талантты жастарымыздың бірі Сайлаубай Әрсен «Абай поэзиясындағы космонимдік атаулар» тақырыбындағы зерттеу жұмысын сәтті қорғап, қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әрсеннің ғылыми жетекшісі білікті ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сандуғаш Қайыржанқызы. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ұлағатты сөз бар. Сапалы ұстаздан саналы шәкірттің шықпауы мүмкін емес! Сандуғаш Қайыржанқызының айтуынша: Әрсен өте талапты, зерек, зейінді оқушы. Мұғалімнің айтқан тапсырмаларын уақытында орындап отырғандықтан осындай нәтижеге қол жеткіздік,-дейді. Ғылыми жұмысты бір жыл бойы зерттеп-зерделеген екен. Алдағы уақытта да жеңістерінің көп болсын!

Жазира Кокбас
«БІЛІМ АЙНАСЫ»
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.