Home » Айтарым бар » МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ

МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ

Утегенова Акмарал Майлыбаевна
«Жаңаөзен қызмет көрсету және
технологиялар колледжі» мұғалімі

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»                Бауыржан Момышұлының

Мемлекеттің болашағы мен бақыты, ұлттың қасиеті мен намысы болған жалынды  жастары бар ел жарқын келешекке қадам басары сөзсіз. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар –  болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Бірнеше жылдар бойы осы жастарымыздың бойында ізгіліті қалыптастыру жолында дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздықты жаныма сері етіп, арнйы пән оқытушысы боып келмін. Ұстаздық сынды ұлғатты істі рухы мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетін нағыз шеберлер ғана істей алады. Әлемнің екінші ұстазы Әл- Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты жақсы күтіп, баптап тәрбиелемесе қурап қалады» — деген екен. Осы орайда қауызын жаңа жарған жасты жалынды, жігерлі жанға булуда Жаңаөзен қызмет көрсету және технологиялар колледжі ұстаздарының еңбегі ерен екені анық.

Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Осы еңбек еткен жылдармда студентерім қалалық, облыстық, респуликалық додаларда дарындылығымен даралап талай жеңісті қанжығасына байлады. Әр білім алушымның жеңісінің атында шығармашылық ізденіс пен үздіксіз білім алу жатыр.

Студенттерімнің әр жетістігі — маңдай терімнің жемісі. Осы салада қызмет қылған жылдарымда «Worldskills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталдым.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Студенттік дүкен-2018» жәрменкесіне және «Еркін елде өскен қайырымды жандар» қайырымдылық акциясына белсене қатысқаным үшін облыстық басқарма басшысы Н.Қойжановтан, 2020 жыл Worldskills  стандарты негізінде өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылар арасында өткен «BestSkills – 2019» өңірлік кәсіби шеберлік конкурсына «Кондитерлік ісі» құзіреттілігі бойынша қатысқаным үшін Облыстық басқарма басшысы А.Сейдалиевтен алғыс хатын алдым.

2020 жылдың ақпан айында өткен «Worldskills Kazakhstan- 2020» колледж ішілік чемпионатында «Аспаздық іс» құзіреттілігі бойынша жетекші сарапшы ретінде қатысқаным үшін колледж басшылығының сертификатын иелендім. Одан өзге де автрлық әзірлемелерім мен әдістемемелік көмек сабақтарым  республикалық жинақтарда жарияланып отыр.

Саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі болса, ол – ұстаз екені сөзсіз. «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмір алсам, ал, Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен Александр Македонский. Ұлыларың ұпағына үлі болар ұстаздық қызметімді мақтан тұтамын, әрі қалтқысыз қызмет етуді мақсат қылдым.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.